Сайысқа 16-29 жас арасындағы 25 үміткер өтініш беріп, іріктеу барысында 12-сі өтті. Біздің студенттер осы жеңімпаздардың қатырынан көрінді. Жалпы байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан талантты жастарды іздеп, олардың көркемсөз оқу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Жастарға жетекшілік жасаған – «Филология» кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің магистрі, аға оқытушы Нұргүл Жұмағұлова. Байқауда оқу ордамыздың талапты, дарынды, тіл жанашырлары «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Мадина Амангелдиева 2 орынды иеленіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1курс студенті Мерей Сыздық белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Студенттеріміздің өнері өрге жүзіп, тек биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз.
Н.ЖҰМАҒҰЛОВА