—Шымкентте халықаралық сауда орталығының салынуы үлкен оқиғаға айналмақ. Мұндай орталықтардың міндеті – жергілікті тауар өндірушілерге өз тауарын халықаралық нарықтарға шығарып, тиімді бағамен сатуға көмектесу. Сол арқылы қаламыздың алыс-жақын шетелдермен өзара сауда айналымын арттырып, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндік бар.
Өткен жылы Шымкент қаласында сауда көлемі 1,6 триллион теңгеге жеткен. Шаһарда 800-ден астам тауарөндіруші бар. Халықаралық сауда орталығы осы компаниялар үшін тиімді алаңға айналады, - деді Мұрат Әйтенов.
Жиында «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов пен бірқатар шетелдік сауда орталықтары мен ірі компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.