Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында  «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі ербол Байқонысовтың қатысуымен «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстелге департамент басшысының орынбасарлары және мамандары қатысты.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі – еліміздегі маңызды салалардың бірі. Өйткені, бұл саланың мамандары халықтың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтауда, еліміздің санитариялық және эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бағытында орасан зор қызмет атқаратыны белгілі. Әсіресе, коронавирусты инфекцияның таралуына байланысты пандемия басталғалы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің халқымыздың салауаттылығы саласында маңызды рөл…
Өнегелі ұрпақ берекелі отбасынан шығады. Отбасы болған соң, әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Десек те, мамандар жыл өткен сайын елімізде шырқы бұзылған отбасы саны артып бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Мәселен, 2020 жылы тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 19 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Ал,…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, қаламызда балалар тақырыбына арналған іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Осы мақсатта ұйымдастырылған баспасөз туры барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1 оңалту орталығының жұмысымен жақынырақ танысып қайттық.
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақылар республикалық бюджет инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қайта есептеліп жатыр.
Соңғы күндері елімізде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустың белгілерін анықтаған пациенттерге қалай әрекет ету керектігін еске салады. ПТР-тест Егер Сіз суықтың, тұмаудың немесе пневмонияның белгілерін сезсеңіз, онда ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыра аласыз. Мұны емхананың сүзгі-кабинетіне жүгіну арқылы жасауға болады.…
Кез-келген ауруды ерте кезеңде анықтау оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі.
Кеше «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен партияның бюро отырысы өтті. Жиында саяси ұйымның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекітілген Жол картасының орындалуы талқыланды. Жиынның күн тәртібінде Жол картасындағы…
Мемлекеттің қолдауымен өз ісін бастап, кәсібін жүргізіп жатқан жерлестеріміз аз емес. Тың идеясын ұсынып, бизнес-жоспарын қорғаған жандарға 200 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде грант беріледі. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда әлеуметтік әлсіз топтағы жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру басты мақсат болып тұр. Соның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру бағытында әлеуметтік…