МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектер

Понедельник, 22 Август 2022 04:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2286 раз

Еліміздің көптеген тұрғындары қалалық емханаларға барып тұрады, бірақ өкінішке қарай қазіргі таңда ТМККК-ға көбінің көңілі толмайды.

374

 

Сол себепті қазірден бастап Міндетті Әлеуметтік Медицина Сақтандыру енгізілуде. Бұған не кіретінін түсіндірейік: 
— Қымбат зертханалық қызметтер мен тексерістер
— Кеңейтілген амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, күшейтілген ТМККК
— Ауырған кездегі жоспарлы тұрақты көмек, күшейтілген ТМККК
— Ауырған кездегі стационарлы көмек, күшейтілген ТМККК
— Денсаулықты қалпына келтіру емі
— Патологанатомиялық диагностика,  күшейтілген ТМККК.
Егерде сізге жеке зертханадағы тексерістер қажет болса, оны тегін алуға болады, бірақ ол үшін сақтандыру медицинасы қорымен келісімшарт жасасқан емханадан бағыт болуы керек.
— Медицинақ сақтандыру қоры дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Медицинақ сақтандыру қоры – бұл коммерциялық емес акционерлік қоғам, ол ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету шығындарын өтейді.
№17 қалалық емхана белсенді түрде МӘМС жүйесі туралы ақпараттар таратуда. Бұл жүйеге нақтырақ тоқтала кетсек:
— Профилактикалық егулер қалай жүргізіледі?
Профилактикалық егулер медициналық қызмет көрсетудің минималды пакетіне кіреді, яғни бұл мемлекеттің барлық тұрғындарына көрсетілетін қызмет.
— Міндетті түрде көрсетілетін әлемеуттік сақтандыру медицинасына стоматология қызметі кіре ме?
— Кіреді, бірақ тек 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе «Батыр-ана» атағына ие тұлғаларға, «Ана даңқы» I, II дәрежелі ордендеріне ие, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге көрсетіледі.
— ТМККК аясында қандай медициналық қызметтер көрсетіледі?
— клиника-диагностикалық қызметтер, оның ішінде арнайы шақырту берілген зертханалық диагностикалар
—  жедел жәрдем және санитарлық авиация
— медициналық санитарлық көмек
— арнайы қала тұрғындарына паллиативтік көмек және бағу
— шұғыл стационарлық көмек
— амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету
— жоспарлы стационарлық көмек
— туберкулезбен ауырғандардың денсаулығын қайта қалпына келтіру және оларға күтім көрсету
 — ТМККК аясында қандай дәрі-дәрмектер беріледі?
— Жедел жәрдем, стационарлық көмек көрсету кезіндегі денсаулық сақтау ұйымымының дәрі-дәрмектер формулярына сай
— Алғашқы медициналық санитарлық қызмет көрсетуде – өкілетті орган тіркеген дәрі-дәрмектер тізімі бойынша тегін немесе белгілі бір сырқаты бар қала тұрғындарына жеңілдікпен беру
— Қай уақыт аралығында МӘМС жүйесі үшін төлеуді қойған соң медициналық көмек көмек алуға болады?
— 3 ай аралығында.
 — МӘМС жүйесіндеі өз статусыңды қайда көруге болады?
— Еgov,
—  Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ),
— телеграмм-бот,
— ақпараттық жүйе (АЖ) ҚР ДСМ
 — Қай ақпараттар негізінде «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесіндегі әр кісінің МӘМС статусы белгіленеді?
— Ұлттық корпорациясының «Үкімет халық үшін» бөлімшесіндегі ақпараттар негізінде, ондағы МӘМС аясында түскен жарналар мен жарнадан босатылған кісілер туралы ақпарат негізінде.
— Жұмыс берушінің өз жұмысшылар үшін МӘМС жүйесіне аударымы қанша пайызды құрамақ?
— С 01.07.2017 ж – 1%,
с 2018-2019 ж.- 1,5%,
с 2020-2021 ж. — 2%,
с 2022 г -3%
— Жұмысшылардың жарнасы қанша пайыз болмақ?
— 2020 жылы жалақының 1% , 2021 жылы — 2%
— Қызмет көрсету туралы келісім бойынша істейтін жұмысшылар Сақтандыру медицина қорына аударымы қанша болмақ?
— 2020 жылы 1% ,  2021 жылы тапқан табасынан 2% (келісімге сәйкес)
— Жеке кәсіпкерлер әлемеуттік сақтандыру медицина қорына жарнаны қашаннан бастап төлейді?
— 2020 жылдан бастап 5%
— Дербес төлеушілер МӘМС жүйесіне ену үшін әлеуметтік сақтандыру медицина қорына қанша жарна төлеу қажет?
— Минималдық жалақыдан 5%
— Артық немесе қате төленген ақшаны қайтару үшін не істеу қажет?
— Ол үшін Ұлттық корпорациясының «Үкімет халық үшін» бөлімшесіне жолығып, растайтын құжаттарды көрсетіп, ақшана қайтару туралы арыз жазу қажет.

№6 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкері Нарбекова А

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.