Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екені айқын. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.
Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организм әлсірейді.
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін ағзаны үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында ағза қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарылатады. Шынықтыру ем-шараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған іс-қимыл әрекеттерінің жемісі. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
А.Досыбекова,
Шымкент қалалық №6 емхананың СӨСҚ дәрігері