Қордағы қаржыны қалай бақылауға болады? Избранное

Среда, 09 Июнь 2021 04:24 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 438 раз

Оқырмандарымыздан зейнетақы қорына, ондағы қаржыға қатысты келіп түскен сұрақтарды топтастыра отырып, Шымкент қалалық «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ филиалы салымшыға барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ләззат ДҮЙСЕНОВАДАН жауап алған едік. Сонымен...

954

 

Сұрақ:

–Егер азаматтардың БЖЗҚ-да зейнетақы шоты болмаса қайда жүгінуі керек?

Жауап:

955

–2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. /%203-Ү1 Заңы) тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электронды форматында көрсетілген дербес деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Сонымен қатар 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын шоттар да автоматты түрде ашылатын болды. Енді ерікті жарналар бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) негіз болып табылады. ЕЗЖ салымшының - жеке тұлғаның өз кірісінен өзінің пайдасына аударған сомасы не салымшының (жеке немесе заңды тұлғаның) алушының пайдасына аударған сомасы болуы мүмкін. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен мерзімділігін салымшы өзі айқындайды. Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) не «Қазпошта» АҚ. бөлімшелері арқылы аударуға болады. Екінші деңгейдегі бірқатар банктер ЕЗЖ-ны онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары) арқылы аударуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өз пайдасына ЕЗЖ жарналарын тұрақты аудару үшін жұмыс берушінің атына өтініш жазуға да болады. Соның негізінде жұмыс беруші ЕЗЖ-ны өтініш иесінің не үшінші тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударып отырады. Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалды.

Сұрақ:

–Шоттар автоматты түрде ашылғаннан кейін, қанша зейнетақы түсіп жатқанын және қанша сомма жиналғанын азаматтарымыз қалай біле алады?


– Зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылған салымшылар зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты электронды форматта (компьютер, смартфон арқылы) алулары үшін салымшы міндетті түрде Қордың кез келген бөлімшелеріне келіп, Қормен келісім шарт жасасып, жасалған келісім шартта интернет ақпараттандыру тәсілін таңдауы қажет. Келісім шартқа өзгеріс енгізілгеннен кейін ғана салымшыларға интернет арқылы Қор сайтында тіркеліп, жеке кабинет немесе ұялы қосымша арқылы өз шоттарын Қор кеңселеріне бармай-ақ бақылап, қадағалауларына мүмкіндік беріледі. Смартфон немесе планшетіңіздегі қажетті тетіктерге бірнеше рет басу арқылы сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ала аласыз, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, келісім шарттардың деректемелерін және тағы басқа да ақпараттарды көре аласыз. Ұялы қосымшада ЖСН мен парольді енгізу немесе электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалану тәсілдерін қолдану арқылы тиісті ақпараттарды алуға болады. ЖСН логин ретінде Қордың деректер базасында тіркелуі тиіс. Ақпараттандыру тәсілін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте немесе Қордың кез-келген кеңсесіне барып Қормен жасалған келісім шартта көрсетілген тәсілді өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы үзінді көшірмені БЖЗҚ кеңселерінің біріне жеке хабарласу және онлайн түрінде алуға болады.Үзінді көшірмені кеңсеге өзіңіз барып алғыңыз келсе, жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды ұмытпаңыз. Алайда, елімізде орын алған шектеу шаралары жағдайында кеңсеге бару үшін, алдын ала жазылуыңыз қажет. Ол үшін БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы «Байланыстар»бөліміне өтіп, қажетті бөлімшенің кезекші мамандарына хабарласқаныңыз жөн.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, “-7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАрр және Vibег чат-боттары арқылы және Іпвіаргат, Ғасеһоок, ВКонтакте, Тelegram, Одноклассники әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан зейнетақы жүйесіне қатысты түрлі кеңестер ала алады.