Жеті және одан көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артпақ. Биыл 7,4 АЕК-нің мөлшері – 25 530 теңге. Ол еліміздегі 90 мыңға жуық марапатталған анаға төленеді.
Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі – «Наградталған ана» деген жаңа ұғымды енгізу. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.
Министрлік ақпаратынша, бүгінге дейін 6, 7 және одан көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алып келді. Ал, Әлеуметтік кодексте наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделіп отыр.