АССАМБЛЕЯ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ӨЗЕКТІ
Пятница, 18 Февраль 2022 04:47Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жұмыс
сапарымен келді.
ІРІ СПОРТ ҒИМАРАТТАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Пятница, 18 Февраль 2022 04:40Шымкент қаласында мегаполис талаптарына сай ірі спорт нысандары бой көтеруде. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов солардың бірнешеуінің құрылысымен таныстырды.
КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕКСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Среда, 16 Февраль 2022 03:54Елімізде қаңтар оқиғасында көп зардап шеккендер — шағын және орта кәсіп субъектілері. Бүлікшілер келтірген залал ақшалай есептегенде жүздеген миллиард теңгеге жетеді. Әрине соның ішінде Алматы қаласы бірінші орында тұр.
Самсасы тәттінің – саудасы сәтті
Пятница, 11 Февраль 2022 04:09Шағын және орта бизнес азаматтардың өз идеясын іске асыруына көп мүмкіндіктер сыйлайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар еліміздегі экономикалық белсенді топтың ауқымды үлесін құрайтыны рас. Нарықтық экономика адамдарды өз бетінше күн көруге, заман талабына сай бейімделіп өмір сүруге үйретті.
73 елді мекен сапалы жарықпен қамтылды
Среда, 09 Февраль 2022 04:122021 жылы 2 қосалқы стансаның құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Бүгінгі таңда базардағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электр энергиясына қол жеткізді. Ол шамамен 97 пайыз көрсеткішті құрайды. 2024 жылға қарай электр қуатымен қамтылу деңгейі 99 пайызға жетпек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық
орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков мәлімдеді.
ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ТҮСІНДІРДІ
Среда, 09 Февраль 2022 04:03Жыл басынан бері Шымкент қаласының құрылыс алаңдарында екі қайғылы жағдай орын алып, соның салдарынан 2 азамат қайтыс болған. Осыған байланысты қалалық еңбек инспекциясы басқармасы түсіндіру жұмыстарымен құрылыс нысандарын аралап, соның ішінде «Отау строй» компаниясы салып жатқан көп қабатты үй кешендерінің бірінде арнайы көшпелі семинар өткізді.
САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛДЫ
Пятница, 04 Февраль 2022 03:40Шымкент қаласында халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүруде. 2025 жылға қарай үшінші мегаполисті 100 пайыз мобильді және талшықты-оптикалық интернет желісімен қамту көзделуде. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдраханов арнайы ұйымдастырылған баспасөз турында мәлімдеді.
ЗАМАНАУИ ҚОНДЫРҒЫЛАР: САПА БІР САТЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ
Пятница, 04 Февраль 2022 03:32Шымкент қалалық перинаталдық орталығы заманауи жаңа құрылғылармен толықты. Шаһардың денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Auto Delfia және Fish деп аталатын жаңа құрылғылар іске қосылды. Олардың көмегімен құрсақ ішіндегі баланың генетикалық ауруы анықталады.