2023 жылғы 1 наурыздағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

Среда, 19 Апрель 2023 09:34 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 5457 раз

              Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық және танысу үшін қолжетімді. Қордың enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке шолулар орналастырылады.

            2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 15,13 трлн теңге болды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15,12 трлн теңгені құрады. Инвестициялық портфельді басқарудағы зейнетақы активтері 9,6 млрд теңге.

 

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2023 жылдың 1 наурызына ҚРҰБ негізгі инвестицияларының ағымдағы құрылымы мынадай:    

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары ағымдағы құнымен – 7 240,89 млрд теңге (портфельдегі негізгі үлесі - 47,89%)

ҚР квазимемлекеттік компанияларының облигациялары ағымдағы құнымен – 1 684,42 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 11,14%)

ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары ағымдағы құнымен – 892,96 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 5,91%)

шет мемлекеттердің МБҚағымдағы құны бар өтімділік субпортфелінде – 743,91 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 4,92%)

ҚР Ұлттық Банкіндегі депозиттер ағымдағы құнымен – 391,72 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 2,59%)

халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары ағымдағы құнымен – 372,61 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 2,46%

қазақстандық эмитенттердің акциялары және депозитарлық қолхаттары ағымдағы құнымен – 250,51 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 1,66%)

ағымдағы құны 201,08 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 1,33%), орташа өлшенген өтеу мерзімі 1,53 жыл болатын ҚР ЕДБ салымдары.

           01.03.2023 ж.жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік (YTM) жылдық 11,0% , оның ішінде теңгемен номиналданғандар - жылдық 12,6% , шетел валютасымен - жылдық 4,9% құрады.

           ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша валюталар бөлінісінде мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар - 72,22%, АҚШ долларында - 27,73%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,05%.

             Инвестициялық кіріс құрылымында 318,2 млрд теңгенің бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер екенін, өзге кірістер – 0,18 млрд теңге құрайтынын атап өтеміз. Ал сыртқы басқарудағы және шетел валютасын қайта бағалауға байланысты құралдар 108 млрд теңге көлемінде шығын әкелді, бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсер етуінің нәтижесі болып табылады. Алайда 2023 жылдың 2 айындағы жалпы табыс оң сипатқа ие.

           Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері ағымдағы жылдың басынан бастап 210,19 млрд теңгені құрады.

             Геосаяси жағдайдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі, инфляцияның жеделдеуі аясында 2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,38% тең болды.

           Бұл ретте зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайтынын атап өту маңызды. Зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекпен сипатталады. Оларды инвестициялаудың негізгі мақсаттарының бірі – ұзақ мерзімді кезеңде нақты кіріс алу.

ҚР ҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

                                   Инвестициялық портфельді басқарушылар

             ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі – 9,6 млрд теңге.

             01.03.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4 236,36 млн теңгені құрады. Компанияның ең маңызды салымдары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – портфельдің 29,6%, ҚР ҚМ МБҚ – 21,78%, ҚРҰБ ноттары – 19,63%,Репо – 17,27%.Шет мемлекеттердің МБҚ – 8,42% құрайды. Инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 3,25%. Айта кетейік, портфельдің 61,66% теңгемен; 38,34% - АҚШ долларымен ұсынылған.

           01.03.2023 ж. жағдай бойынша теңгемен номиналданған борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік (YTM) жылдық 14,96% құрады.

             Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері ағымдағы жылдың басынан бастап 55,76 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі: 1,25%.

           "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

           "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 696,39 млн теңгені құрады. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 54,53%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 12,52%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары - 12,21%; мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар – 6,42%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 80,27%, АҚШ долларымен -19,73% құрады.

           Инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап 63,12 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі: 2,22%.

             Эмитенттерді көрсете отырып, "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

           "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1 574,30 млн теңгені құрады. Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – портфельдің 50,59%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,91%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 9,23%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 79,89%, АҚШ долларымен – 20,11% инвестицияланды.

           Инвестициялық қызмет нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 30,57 млн.теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі: 1,85%.

           Эмитенттерді көрсете отырып, "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

           "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1037,52 млн теңгені құрады.

           Активтердің 63,08% ҚР ҚМ МБҚ-ға инвестицияланды, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 11,27%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары - 8,05%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 79,68%, АҚШ долларымен - 20,32% инвестицияланды.

           Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 23,94 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі: 2,17%.

           "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

"Қазақстан Халық Банкі ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 53,9 млн теңгені құрады.

Портфель құрылымындағы инвестициялар: "кері РЕПО" (90 күнтізбелік күннен аспайтын) 89,67%, шоттардағы ақшалай қаражат - 10,33%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 100% инвестицияланды. Инвестициялық қызмет нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық табыс мөлшері 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 456 954,16 теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің кірістілігі: 1,83%.

"Қазақстан Халық Банкі ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттерді көрсете отырып, БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.