Оңтүстікте кино түсірілуде Избранное

Среда, 16 Май 2018 04:40 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2873 раз

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Қазақфильм» киностудиясының шығармашылық тобы «Қазақ елі» тарихи туындысының «Алтын тақ» деп аталатын ІІ маусымын Оңтүстікте түсіруде.

4

Түлкібас ауданында басталған түсірілім жұмыстарымен облыс әкімінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен аймақтағы БАҚ қызметкерлері танысып қайтты.
Айта кетерлігі, фильмнің бұл маусымы 10 сериядан тұрады.

6

Түлкібас ауданы, Иірсу ауылы маңындағы Тақиятөбе жеріндегі түсірілімге 500-ге жуық адам жұмылдырылған. Сценарий авторлары: Смағұл Елубай мен Тимур Жақсылықов. Туындының бас режиссері Рүстем Әбдірашев Оңтүстік өңірінің табиғи ерекшелігі мен тарихи рөлі фильм үшін маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, «Қазақ елі» туындысының ІІ маусымының алғашқы 5 сериясы Алматы облысының Талғар ауданында өткен. Оңтүстікте түсірілетін кейінгі бөлімдерінде Керей мен Жәнібектің және Әбілқайыр әскерлерінің шайқасы, Қазтуғанның көші, Қасым ханның аманаттан оралуы сынды оқиғалар таспалануда. «Алдағы уақытта Түркістан қаласында Жәнібектің хан тағына отыруы сынды көріністерді түсіретін боламыз. Осы түсірілім жұмыстарына атсалысқан облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлына алғыс білдіреміз» дейді Р. Әбдірашев.
Күнгейдегі түсірілім жұмыстары маусым айына дейін жалғасады. Ал тарихи туындының өзі көпшілік назарына биылғы желтоқсан айында ұсынылмақ.

ОҚО әкімінің
баспасөз қызметі

Последнее изменение Среда, 16 Май 2018 05:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.