Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған, өскелең ұрпаққа берері мол осындай қойылымдарды көрген әрбір жас көрермен тарихқа терең бойлап, тебіреніс құшағында қайтары анық. Драма ақынның дүниеге келген сәтінен бастап, оның өмір жолы, әдебиет әлеміндегі қалыптасу кезеңі, қайраткерлігі мен өмірінің соңғы жылдарындағы трагедиясын қамтиды. Ақынның тұлғалық бейнесінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт жанашырларының әрекеті мен махаббатқа толы өмірінің куәсі боласыздар.
Спектакльдің қоюшы режиссері — І.Жансүгіровтың туған жері Жетісу облысының тумасы, Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы қазақ драма театрының режиссері Ұлан Ахметов. Режиссер әрбір кейіпкердің образын ерекше мән берген. Әсіресе, жас Ілияс пен орта жастағы Ілиястың бейнесі арқылы «тар жол, тайғақ кешуден тұратын» тарихи кезеңді ерекше суреттеген.
Театрсүйер қауымды 22-24 ақпан аралығында «43/38» қойылымының премьерасына шақырамыз.
Р.АЙҒАЗИЕВА,
Шымкент қалалық қуыршақ және
жасөспірімдер театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі