КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Среда, 17 Апрель 2024 04:56Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі ақпаннан қарашаға дейінгі кезеңде тіркеледі. Табиғаттағы КҚГҚ-ның негізгі тасымалдаушылары мен көзі әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.
ҒЫЛЫМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ
Среда, 17 Апрель 2024 04:51М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні атап өтілді. Іс-шараға оқу орнының ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері қатысты. Оқу орнының Басқарма төрағасы – ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов салтанатты шараны ашып, ғалымдарды мерекемен құттықтады.
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНЕН БАСТАЛАДЫ
Среда, 17 Апрель 2024 04:49Шымкентте «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастырумен қонақ үй бизнесі әкімшілеріне арналған оқыту семинары басталды. Семинарда мейманхана индустриясында табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар үйретілмек.
ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ДЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ
Пятница, 12 Апрель 2024 12:08«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Қаратау ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары аулаларды қоқыстан тазалауға, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына қатысты.
ШЫМКЕНТ: КЕШЕН АУМАҒЫН ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ
Пятница, 12 Апрель 2024 12:05«Таза өлке» апталығы аясында өтіп жатқан #TazaShym жалпықалалық шарасы Әл-Фараби ауданында орналасқан «Шымқала» тарихи-мәдени кешені аумағында жалғасты. Мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері, тарихшы, этнографтар тарихи-мәдени кешеннің аумағы, оның айналасындағы көшелер мен өткелдер, арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, түптерін әктеу, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, шамдарды тазалау жұмыстарына қатысты.
ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОБАҚТА БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛЫП, ҚАРИЯЛАР БАТА БЕРДІ
Пятница, 12 Апрель 2024 11:15«Тазалық өзімізден, қоршаған ортаға деген көзқарасымыздан, тұратын, жұмыс істейтін, білім алатын жерден басталады. Ал, оның барлығы өскелең ұрпақтың бойына отбасындағы тәрбиемен келетін қасиет. Асанбай Асқаров атындағы дендробақта бүгін Абай ауданының тұрғындары, жастары жиналып, көктемгі шаруаларға атсалысып жатқаны қуантады. Игі іс әрдайым жалғасын тауып, қаламыз көркейе түссін!». Абай ауданына қарасты Қызылжар шағынауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бастархан Байжанов қария жастарға осылай деп батасын берді.
ШЫМКЕНТ: ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!
Пятница, 12 Апрель 2024 11:13#TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы мегаполистің ірі магистральді көшелері – Республика, Тәуке хан, Б.Момышұлы даңғылдарында, А.Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында да жалғасты. Әл-Фараби және Тұран аудандарына қарасты аумақта өткен жұмысқа екі ауданның тұрғындары, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры И.Вербицкий мен қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары қатысты.
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЕЛ БІРЛІГІ ЕҢБЕКТІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСЕДІ
Пятница, 12 Апрель 2024 09:04Шымкент – жасыл желегімен, саябақтары мен ондағы ағаштардың алуан түрлілігімен ерекшелетін қала. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында мегаполистегі саябақ, гүлзарларда да көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай саябақтардың бірі – Еңбекші ауданында орналасқан «Қазақстан-Түркия достастығы» саябағы.