Мәди Сәулебек Шымкентте «Тілдерді оқыту әдістемелік орталығы» ұйымдастырған байқауда бағын сынаған болатын. Ол 50-ге жуық қатысушының арасынан суырылып шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Республикалық байқауға жолдама алған Мәди дарындылығын тағы да дәлелдеді.
– Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары және облыс орталықтарында ұйымдастырылған конкурстардың 16 жеңімпазы қатысты. Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтердің 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай, аталған ақын-жазушыларымыздың поэзиясы мен прозасынан үзінді оқыдық. Сарапшылар қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына баса назар аударды, - деді өнерлі жас.
Тұрсынжан Шапай, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Ерлан Рысқали, Азамат Шарғын секілді танымал азаматтар қазылық жасаған жарыста Мәди
Сәулебекке 150 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы тапсырылды.