«Шымкент келбетімен» бірге ағылшын тілін үйрену сабақтарын жалғастырамыз. Бұл жолы Шымкентте жаңа бой көтеретін нысандардың мән-маңызын баяндайтын боламыз. Айдарды Меруерт Бимұрзаева жүргізеді. Сонымен, шетелдік саяхатшы сізге жолығып, облыс орталығын қысқаша таныстырып өтуіңізді сұрады делік. Ендеше, дайын болыңыз!
«Shymkent mall»
It will be the biggest shopping center in Kazakhstan. Covering an area of 38 hectares, there will be located supermarket, shops, cinemas, a children's amusement park, Water Park, food court for 3,000 people, the modern fashion-gallery, parking for 3500 places. In the complex will be located the bus station from 8 platform with the ability to service 350 passengers at a time. In «Shymkent mall» will work 4,000 people.
«Shymkent mall»
Бұл Қазақстандағы ең ірі сауда – ойын-сауық орталығы болмақ. Жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын орынға гипермаркет, дүкендер, кинотеатрлар, балаларға арналған ойын-сауық паркі, аквапарк, 3000 адамға арналған фуд-корт орындары, заманауи фешн галереясы, 3500 көлікке арналған автотұрақ болады. Кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал қарастырылған. Сонымен қатар, 4000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Disneyland, as in Paris.
Akim G. Abdrahimov has already met with potential investors from Turkey. They were the first who expressed their interests in the concept of Shymkent, stating their willingness to accept the draft which is only in Kazakhstan- a world-class Water Park. The place of Shymkent Disneyland selected current racetrack, which will take out of the city.
Париждегiдей Диснейленд
Шымкентте бой көтереді. Осы бағытта қала әкімі Ғ. Әбдірахымов Түркия елінің әлеуетті инвесторларымен кездескен болатын. Олар Шымкент қаласының даму Тұжырымдамасына ең алғаш болып қызығушылық танытуда әрі Қазақстанда жалғыз болып табылатын әлемдік деңгейдегі аквапарк жобасын жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Шымкенттегі Диснейлендтің орны ретінде қаланың кіреберіс аумағы – Ипподром маңайы таңдап алынды.
International Airport
With the airport will appear train and bus station. It will be the first in Kazakhstan tripartite logistics, such practice is widely used in Europe. The project will be unique not only in Kazakhstan, but also throughout the CIS. Expected that the new airport will serve at least 2.5 million people in a year. Since its opening will be more than 1,000 jobs, in the region will increase the chances for the development of tourism.
Халықаралық әуежай
Әуежаймен бір қатарда темір жол және автобус бекеттері де пайдалануға беріледі. Еуропа елдерінде кең тараған үшжақты логистика тәжірибесі Қазақстанда алғаш болып жүзеге асқалы отыр. Ол тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, ТМД елдерінде де бірегей жоба болып табылады.
Жаңа әуежай жылына кем дегенде 2,5 миллион жолаушыға қызмет етеді деп күтілуде. Әуежай қызметі өңір туризмін дамытуға тың серпін әкеліп, 1000-нан астам жергілікті тұрғынның тұрақты жұмыс орнымен қамтылуына қолайлы мүмкіндік бермек.