ХЬЮСТОНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 04:08 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1676 раз

23-25 ақпан аралығында Астана қаласында Central Asia FIRST Championship ресми чемпионаты өткен еді. Білім сайысында Орта Азия чемпионы атанып, АҚШ-та өтетін халықаралық конкурсқа жолдама жеңіп алған Robo Park ShymSide командасын шымкенттіктер зор қошеметпен қарсы алды.

olimP

 

Дәстүрлі жарысқа биыл әлемнің 6 елінен үш мыңнан астам оқушы қатысты. Олардың қатарында Гонконг, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мықты командалары бар. Байқау нәтижесі бойынша Шымкент қаласының Robo Park робототехника орталығының ShymSide командасы Орта Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, шымкенттік оқушылар ендігі ретте АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін білім сайысында Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге еліміздің намысын қорғайды.
Мектеп оқушылары үш негізгі жас санаты бойынша бақ сынады: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатта робототехника сайысынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер сессиялары қамтылған.
ShymSide командасының жетекшісі Олжас Құрақбай халықаралық байқауда да шәкірттерінен жақсы нәтиже күтетінін атап өтті. Қазіргі таңда білімпаз оқушылардың талабы қуантады.
Жерлестеріміз сәуір-мамыр айларында өтетін халықаралық байқауға тыңғылықты дайындық жүргізбек. Айта кетсек, ендігі бәсекеге Шымкенттен құрамында 11 адам бар делегация аттанады. Біз жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

«Шымкент келбеті»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.