«АЛТЫН ТҮЙМЕ» АЛТЫНШЫ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ

Пятница, 23 Июнь 2023 03:59 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5296 раз

altyn tuime

Шымкент қаласы биылғы оқу жылында да цифрлық білім беру бойынша республикада көш бастады. Қалалық білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдары электронды журналды жүйелі толтыруы, мектеп мәзірінің сандық нұсқасын талапқа сай жүргізуі нәтижесінде осымен алтыншы рет «Алтын түйме» белгісін иеленіп отыр. Бұған дейін жергілікті білім ұйымдары «Алтын түйме» белгілеріне 2020-2021 оқу жылында – 2 рет, 2021-2022 жылында – 2 рет және 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында ие болған еді.

«Алтын түйме» белгісі Kundelik.kz жүйесіндегі мәліметтер негізінде білім ұйымдарының электронды журналдарды сапалы және уақтылы толтыруы ескеріле отырып беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.