Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы-журналист:
– Біздің әліпбиіміз кирилицаға көшкен кезде де тілімізге үлкен зиян келді. Мысалы, үндестік заңы, айтылу, жазылу, сөйлеу тілдері және көп нәрсе бұзылып кетті. Оны біз қазір ұмытып та кеттік. Тіпті етіміз үйреніп, өзіміздің әріпке айналды. Әкеміз-шешеміз боп кетті десек болады. Қимай тұрғанымыз сондықтан. Латын әліпбиіне көшкенде кирилицаға көшкен кездегі кемшіліктердің бәрін түзетуіміз керек. Бұл – болашақтың таңдауы. Жаңа әліпбиге көшу барысы оңай болмайды. Сондықтан кез келген қиындыққа төтеп беріп, халықты әсіресе зиялы қауым өкілдерін бұл бастамаға қолдау білдіруге шақырамын.