Болатбек ТІЛЕУБЕРДИЕВ, ОҚМУ филология факультетінің деканы:
– Біз латынға өткенде оның түп негізгі таңбаларын алудан гөрі өзіміздің қазаққа икемдеп алып жасауымыз керек. Мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың кезінде 10 ғасырға жуық араб алфавиті қызмет жасағанның өзінде қазақ халқына түсінікті болу үшін төте жазуды ойлап тапты әрі өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізге тән пайдаланды. Осы мәселені ескеріп, жастарға да үлкен кісілірге де жазуда, оқуда тиімді болуын назарға алмаса, қиындық тудырады.