Шымкентте қала тұрғындарын ұрылардан сақтандыратын билбордтар ілінді. Ол шаһардың орталық көшелері мен шағынаудандарында орнатылуда.
Қаратау аудандық прокуратурасы «Шымкент – қауіпсіз қала» жобасының аясында осындай шараны қолға алып отыр. Билбордта «Сақ болыңыз, ұры ұйқыда жатпайды» немесе «Ұры, ойлан! Өмір бумеранг», «5 жыл қамауда отырдым, енді қаламаймын», «Ұрлыққа жоқ дейміз» деген мәтіндер жазылған.
Қаратау аудандық прокуратура қызметкерлері осындай билбордтар ілу ұрлық қылмысымен күресудің бір жолы болатынын айтады. Өйткені өткен жылдың қорытындысы бойынша дәл осы Қаратау ауданында қылмыс саны ең көп тіркеліп, оның ішінде үйді тонау деректері көбейген болатын.