«АБАЙ ҒИБРАТНАМАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ Избранное

Среда, 06 Декабрь 2023 04:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 652 раз

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманының «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына арналған «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ғылыми-теориялық конференция өтті. Сонымен қатар, жиында филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің «Абай ғибратнамасы» кітабының тұсауы кесілді.

Abai

 

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып Оразбаев, қала мектептерінің әдебиет және тарих пәнінің мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Тағылымды жиынды қоғам қайраткері Б.Тұрғараев жүргізіп отырды.
Бекет Тұрғараев жыр дастанның 300 жылдығына арналған іс-шаралардың орындалу барысынан хабардар етті. Сот жүйесінің ардагері Өміртай Қалқұлов «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуіріндегі Алқакөл орнының аталу тарихына, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негимов Қожаберген Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының жазылу тарихы мен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталудың себептеріне тоқталды.
Іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, өз тарихын біліп, елін, жерін қорғауға және отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық рухты қалыптастыруды мақсат еткен.
Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек аталған кітаптың жастар тәрбиесіне қосар үлесі мол екенін атап өтті. Сәрсен Абайұлы келесі жылы қала оқушыларына арналған «Абай оқуларын” ұйымдастыру жоспарда екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, іс-шарада Серік Негимовтің “Абай ғибратнамасы” кітабының тұсауы кесілді. Қала ұстаздары, оқырмандар кітап мазмұны жайында ой-пікірлерімен бөлісті. Белгілі ғалым көпшілікпен емен-жарқын сұқбаттасып, оқырмандардың сауалдарына жауап берді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « «Қыз тағдыры – ел тағдыры» «АМАНАТҚА» АМАНАТ »