ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕГЕ ЛАЙЫҚТЫ ТАРТУ

Среда, 23 Октябрь 2024 06:12

немесе Шымкентте Республика күні қарсаңында бірқатар мәдениет үйлері ашылды

Республика күні – еліміздің Тәуелсіздігінің бастауында тұрған ұлық та мерейлі мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайта жаңғырып, ұлттық мәртебеге ие болған мерекені халқымыз ерекше ынта-ықласпен қарсы алып, көтеріңкі көңіл-күй және асқақ рухпен тойлайтыны белгілі. Осы орайда Шымкент қаласында Республика күніне орай көптеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, ел мен жерге адал қызмет еткен азаматтар марапатталып, жаңа нысандар халықтың игілігіне пайдалануға беріліп жатыр.

Mereke

Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында жағымды жаңалықтар мен сүйінші хабарлар көбейе бастады. Жаңа нысандар халықтың игілігіне беріліп, көпшіліктің көңіл-күйінің көтерілуіне сеп болуда. Мәселен, таяуда Сайрам тұрғын алабында №6 өрт сөндіру бөлімінің жаңа ғимараты ашылды. Жаңа өрт сөндіру депосының ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

pojar

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

subbot

Халық мұрасын дәріптеген көрме

Пятница, 18 Октябрь 2024 05:37

Қаладағы Көрме орталығында «Халық мұрасы – халық қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты –қолөнер шеберлерін халыққа таныстыру, оларға өз тұтынушысымен дидарласып, іскерлік, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға ашық алаң ұсыну, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа ұлттық қолөнерді дәріптеу, насихаттау.

xalikMura

Шымкент қаласында есірткіге қарсы күрес, жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Есірткі – қоғам болып күресетін ауыр дерт. Есірткі заттарын, психотропты заттарды және олардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз жарнамалау, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау және тасымалдау, жөнелту үшін заңда тиісті жаза қарастырылған. Қалада жыл басынан бері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасаған 397 адам анықталған. Олардың басым көпшілігі 21-29 (139 адам), 30-39 жас аралығындағы (131 адам) азаматтар болып шықты.

Шаһардағы Орталық саябақта өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған «Достық» мерекесі аталып өтті.

«Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінде «Абай оқулары» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Байқаудың мақсаты – жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, дарынды оқушыларды және ұстаздарды қолдау. Биылғы байқауда жалпы 245 665 оқушы қамтылды.

Алпамыс батыр – бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Алпамыс батыр жырының қазақ ауыз әдебиетінде алатын орны ерекше. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел мен жерді қорғауға тәрбиелеу кезінде Алпамыс батырды үлгі ету қажет. Өкінішке қарай, аты аңызға айналған батырдың Шымкент қаласындағы ескерткіші жолдың бойында, бұрынғы атқора болған жердің қасында қалып қойған. Бұл біздің елдігімізге сын деп есептеймін.

Страница 1 из 93