ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкері Бекзат Ж. 10-17 қыркүйекте Абу-Даби қаласында өткен «Asian Jiu Jitsu Championship 2021» турнирінде 62 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды.
Жарысқа 19 елден 500-ге жуық спортшы қатысты. «Asian Jiu Jitsu Championship 2021» әлемдегі анағұрлым беделді турнирлердің бірі болып табылады.
Джиу-джитсудан ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бекзат Ж. өзінде бар Әлем және Азия чемпионы титулына кезекті алтынын қосты.