ЮНЕСКО ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ
Пятница, 27 Октябрь 2023 03:49Шымкент қаласында Жібек жолының мәдени мұрасын қорғаудың стратегиялық бағыттарын анықтау мақсатында үйлестіру бюросының (SRLHN) III отырысы өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағының халықаралық мәдени мұралар орталығы мен қалалық туризм, сырты байланыстар және шығармашылық индустрия басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ТЫҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАҢДАНДЫРДЫ
Пятница, 20 Октябрь 2023 04:39Қала жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобалар байқауы және еріктілерге арналған грант жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздік жобалар байқауы белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауға бағытталған.
ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Пятница, 20 Октябрь 2023 04:35Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы есепті кезеңде жылу маусымына дайындық, инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы, көшелерді жарықтандыру бойынша жүзеге асқан жұмыстарды баяндады.
ҚАЛА ӘКІМІ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
Среда, 18 Октябрь 2023 03:47XIX Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың бапкерлерін марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, спорт мектебі басшылары қатысты.
«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ
Пятница, 13 Октябрь 2023 04:25Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысының орынбасары өнеркәсіп, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, сауда бағыттарындағы жұмыстарды баяндады.
ВОЛОНТЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА ОҚЫТУ-СЕМИНАРЛАРЫ ӨТЕДІ
Пятница, 13 Октябрь 2023 04:21Елімізде волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында бірқатар табысты жобалар іске асты. Мемлекет басшысы осы салада нақты стратегиялық векторды белгілей алатын жаңа Жол картасын дайындау қажеттігін мәлімдеген еді.
ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ЖЕҢІСТІ ДӘСТҮРІМІЗ ЖАЛҒАСТЫ
Пятница, 13 Октябрь 2023 04:17Кеше Шымкент қаласы әуежайынан Жазғы Азия ойындарында 2 алтын, 1 күміс жүлде олжалаған каратэшілерді жерлестері зор қошеметпен күтіп алды. Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жауапты бәсекелерде сәттілік тіледі. Жазғы Азия ойындарында шымкенттік каратэшілер 2 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) мен Қайсар Алпысбай (60 келі) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. 84 келіде Данияр Юлдашев күміс жүлдені қоржынға салды. Бұл – тарихи жетістік.
«ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
Среда, 11 Октябрь 2023 04:18Шымкент қаласында жастарға арналған «ZHAS PROJECT» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылық қолдауымен, ҮЕҰ үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік грант шеңберінде қолға алынып отыр.