Республиканың су басқан өңірлеріне Шымкент қаласынан гуманитарлық көмек жөнелту әлі күнге дейін жалғасуда. Арнайы ашылған есепшоттарға кәсіпкерлер, қала тұрғындары қаржы аударуды тоқтатқан жоқ. Кеше 20 миллион теңгенің заты артылған ауыр жүк көлігі Петропавл қаласына қарай жолға шықты.

hekteu

Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

7Day-1

Биыл Ұлы Жеңіске – 79 жыл. Аталарымыз бен әкелеріміздің қанымен, арымен келген осынау қастерлі мереке ерлік пен қаһармандықтың, отансүйгіштік пен патриотизмнің өшпес өнегесі болып тарих бетінде мәңгі қалатыны ақиқат.

7Day

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарды қосу жайы талқыланды.

BriFOooo

«Шуақты күндер» кітабымен оқырманға, батыр Бауыржан келіні атымен қалың қазаққа таныс Зейнеп Ахметова шырайлы Шымкентке келді. «Атамның арқасында бүгінгі дәрежеге жетіп, ел ішінде еркелеп жүрмін» деген Зейнеп Әскербекқызын Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Бақтияр Өнербаев күтіп алды. Құрметті қонақ алдымен даңқты атасының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

zeinep

Шымкентте қалалық №2 аурухана (17-шағынаудан, «Фосфор» ауруханасы) аумағынан басталып, Арғынбеков көшесіне жетіп аяқталатын Дүйсен Ерімбетов атындағы көше бар. Өкінішке қарай, қала тұрғындарының көбі Ерімбетовтің кім екенін, кім болғанын біле бермейді. Түркістан облысының Ордабасы ауданы, Жусансай ауылының тұрғыны Абылайхан Өмірұлы Дүйсен Ерімбетовтің есімі ескерусіз қалып бара жатқанына алаңдап, есіл ердің жүріп өткен жолдарын елге кеңірек таныстыру мақсатында қолында бар мәліметтермен бөлісті.

erlik

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін бізге жеткізді.

ӘСКЕРИ КАФЕДРА АШЫЛДЫ

Среда, 15 Май 2024 06:27

Шымкентте Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан әскери кафедра ашылды. Кафедра ҚР Қарулы Күштерiнiң әскери оқытылған резервiн даярлау және толықтыруда стратегиялық мiндеттердi орындайды.

Kafedra-1

Страница 5 из 819