Қала әкімінің тапсырмасына сай және тұрғындардың өтініші бойынша қоғамдық көлік бағыттарына 1 мамырдан бастап өзгеріс енгізілді.

KoliK

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» дейді біздің қазақ. Үлкенді сыйлау, ілтипат көрсету, қамқорлық таныту – ұлтымыздың ең орныққан қағидаларының бірі. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы осы қағиданы қайта жаңғыртып отыр. Осы апталық аясында Шымкентте де жалғызілікті қарттарға, ардагерлерге, қарттарға көмектесу, жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету шаралары көптеп өткізілуде.

TaZ-2

«Түркістан» сарайында Шымкент қалалық білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, білім басқармасына қарасты мекемелердің басшылары және ата-аналар комитетінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ардагерлер қатысты.

OtShet-1

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісінде салада 2023 жыл мен биылғы бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар баяндалды, алдағы жоспарлар туралы айтылды.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қоғамдық-саяси ахуалды, үкіметтік емес ұйымдармен байланысты, этносаралық қатынастарды, ақпараттық саясат пен жастар және отбасы мәселесі бойынша жұмыстарды жүргізеді. Басқарма басшысы Б.Өнербаевтың мәлімдеуінше, бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2023 жылы басқармаға 2 192 524,0 мың теңге, 2024 жылға 2 634 805,0 мың теңге қаржы қаралған.

OtShet

ҚАЗАҚТЫҢ «ҚАНАТТЫ ҚЫЗЫ»

Пятница, 03 Май 2024 06:10

Жеңіске жету жолында Отан үшін от кешіп, құрбан болған қазақ батырлары мен қыздары жетерлік. Олардың есімдерін есте сақтап, ерліктерін келер буынға дәріптеуіміз керек. Отты жылдардағы қазақ жерінен аттанған жауынгерлердің ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихында алтын әріптермен жазылды.

Xiyaz

Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралар өтіп жатыр.

askER

ІЗДЕНІСІ ЖОҚ ОҚЫТУШЫ

Пятница, 03 Май 2024 06:07

заман талабына сай маман даярлай алмайды

Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Ағылшын тілі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданып, еңбек нарығында сұранысқа ие және заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті, ұтқыр және белсенді тұлғаларды қалыптастыруға үлес қосуда. Кафедраның жоғары курс студенттеріне алған теориялық және практикалық білімдерін ғылыми ізденістермен ұштастыруға, халықаралық ғылыми тағлымдамалардан өтуге үлкен жағдайлар жасалған.

Ozbek

Дамыған ғасырда өмір сүріп жатсақ та, айналамыздағылардың көбінің құқықтық және қаржылық сауаты әлі де төмен. Күн сайын алаяқтарға алданып жатқан халыққа нені біліп, нені ескергендері жөн? Осыған байланысты заңгер, медиатор, сарапшы Дана КЕНЖЕҒҰЛОВАҒА бірнеше сауал қойған едік.

SUlu

Страница 10 из 819