Күздің құбылмалы ауа райында қала ішіндегі жолдар, аяқжолдар, арықтар жауынды сумен толастайды. Соның салдарынан аулалардың, үйлердің алаңын, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін су басып қалып жатады.
Осыған орай, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы барлық қала тұрғындарын өз аулаларының су ағып өтетін арықтары мен басқа да ағын сулардың жолын тазалауды ескертуде.
– Мұндай жағдайлардың басым бөлігі су ағып кететін арықтардың, құбырлардың, жол бойындағы суағарлардың, науалардың қоқыстармен бітеліп қалуынан сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының жүргізілу себебінен болады. Сондықтан, су ағып өтетін өзен, арықтардың үстінен құрылыс жұмыстарын жүргізбей, тұрмыстық қоқыстарды тастамаған жөн, – дейді ТЖБ бас маманы Лаура Мұхамеджан.