Конструктор көліктерді тіркеу басталды Избранное

Среда, 24 Май 2023 05:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 589 раз

Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр. 22 мамырда елімізге қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген конструктор көліктерді тіркеу басталған.

81

 

Тіркелу үшін көлік иелері ұсынуы қажет құжаттар:
- өтініш;
- ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісі;
- техникалық байқаудың диагностикалық картасы.
Мұндай көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Аталған автокөліктер тек Қазақстан аумағында қолданылуы қажет және оны өзге тұлғаға тіркеуге рұқсат берілмейді. Көліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы беруге болады.Заңдастыруға қатысты қосымша ақпаратты өңірлердегі call-орталықтар іске қосылды.
Шымкент қаласында орталықтың байланыс телефоны:
8-700-658-03-87, 8-7252-53-71-06.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.