Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Гауһар» тігін фабрикасының жұмысшы әйелдер қауымымен «Отбасы құндылығы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған болатын.
Отбасы құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін қалыптастыруды көздейтін кездесуге Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжанов та қатысты. Жиында, сондай-ақ, «Қырғы базар» сатушыларына Әділет басқармасының қызметкерлері, психолог, медиатор, прокурор мамандар өз саласы бойынша кеңес беріп, әлеуметтік көмек көрсетті. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу бағытында қойылған сұрақтарға өмірде кездескен оқиғалардан мысал келтіре отырып жауап берді. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты жүргізуді жоспарлаған. Тіпті, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында қандайда бір кеңеске мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын екендігін де жасырмады.