ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Избранное

Среда, 17 Январь 2024 04:47 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 270 раз

Қалалық №1 клиникалық аурухана дәрігерлері сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа бірегей ота жасады. Ауыр халге түскен науқас тіпті шет елдердегі дәрігерлердің тексеруінен өтіп, диагнозын ешкім анықтай алмаған.

baspana

 

Осы жылдың 5 қаңтары күні №1 ауруханаға 1961 жылы туған науқас ауыр жағдайда келіп түскен. Дәрігерлер пациентті медициналық тексеруден өткізіп, ұйқы безі түтікшесіндегі бездің ұшында және денесінің бірнеше бөлігінде тасы барын анықтайды.
Күрделі әрі бірегей ота хируругия бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Қабыловтың жетекшілігемн жасалды. Ұйқы безіндегі тастардың көлемі үлкен болғандықтан, хирургтар операцияны ашық әдіспен жасадық дейді.
– Науқасқа ота лапаротомия трансдуоденальді папиллосфинктеротомия және вирсунговтомия пластика әдісімен жасалды. Операция кезінде қауіп басым болғанын жасырмаймыз. Отадан кейін науқас үш күн жансақтау бөлімінде бақылауда болып, палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы жақсы. Бұл отаның ерекшелігі – науқасқа қойылған диагноздың сирек кездесуінде. Бастысы – дертті анықтап, қауіптің алдын ала білдік, – дейді ота жасаған хирург Дәурен Қабылов.
Айта кетейік, қалалық №1 клиникалық ауруханада трансплантациялық отадан бөлек бауыр, ұйқы безіне, өт жолдарына, асқазан ісігіне және т.б. күрделі оталар жасалады. Бірегей оталарды жасауда алтын қолды хирург-дәрігер, марқұм Мади Хожаұлының шәкірттері ауруханада Сәбитхан Байтеміров, Дәурен Қабылов, Тайбек Садықов сынды білікті хирургтар командасы жасақталған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.