ЕРТЕГІ. ҒАЖАЙЫП КҮЙ ШЕРТЕДІ Избранное

Пятница, 31 Май 2024 05:29 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1037 раз

Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі «Ертегімен есейемін... » жобасын қолға алған. Аталмыш жоба аясында «Аруна» бөбекжай-бақшасы «Ботақан» тобының бүлдіршіндерімен «Ертегі ғажайып сыр шертеді» атты ертеңгілік өтті.

Ertegi

 

Халық ауыз әдебиетінің ішінде балалардың болмысына ең жақын туынды – ертегі. Бүлдіршіндерді жақсылыққа үйретіп, жамандықтан тыйып, тәрбиелі болып өсуіне септігін тигізетін ертегінің орны ерекше. Ертегілер бала қиялына қанат бітіріп, армандарын асқақтатады.
Бүлдіршіндер музыкалық және сөйлейтін кітаптарды қызыға тамашалап, ертегі тыңдап, жасырылған шығармалардың атауын тапты. «Бауырсақ» ертегісінен үзінді сахналап, «Шын жүректен» ойыны ойнатылды. Мәнерлеп өлең оқып, бір-біріне жұмбақтар жасырды.
Іс-шара соңында бөбекжай-бақшаның әдіскері Гүлнар Әбдірей бүлдіршіндерге ақ тілегін білдіріп, «Ертегі ғажайып сыр шертеді» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Гүлмира АЛИЕВА,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана
бөлімшесінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.