«Әділетті Қазақстан» құру тұжырымдамасының алғы шарты – дұрыс әрі әділ шешім шығаратын сот төрелігін қалыптастыру. Бұл ретте елімізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жұмыстары жыл санап жетілдіріліп келеді. Әділ сот жүйесін жолға қою мақсатында елімізде ауқымды тірліктер атқарылып келеді. Жуырда Шымкент қаласының әртүрлі деңгейдегі соттары 2022 жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстарын баяндады.

44

44 азамат жұмысқа жолдама алды

Пятница, 24 Февраль 2023 05:19

44-jumys-joldama

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығынының ұйымдастыруымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы қалалық бос жұмыс орындарына ірі кәсіпорындар жәрмеңкесі өтті. Маңызды шараның басты мақсаты – жұмыссыз азаматтар санын азайту, жұмыс беруші мекемелерге қажетті кадрларды табуға, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына ықпал ету.

– Бүгінгі жәрмеңкеге 25 ірі жұмыс беруші мекеме қатысып, техникалық мамандықтар бойынша 400- ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылуда. Атап айтсақ, «Назар Текстиль» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «АРТ Кұрылыс» ЖШС, «Mega Smart» ЖШС, «ЕвроКристалл» ЖШС сынды кәсіпорындарға дизайнер, тоқымашы, тігінші, оператор, жүк тасушы, мамандары қажет. Бұл – кәсіптік білімі бар және техникалық сала мамандарына жұмысқа орналасуға таптырмас мүмкіндік. Сондықтан, бүгінгі жәрмеңкені жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы алтын көпір деуге болады», – деді басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы.

Жалпы жәрмеңкеге 500 азамат қатысса, «Әлем-БТ» ЖШС-нің базасында 350 техникалық мамандықта білім алатын бітіруші студенттерге экскурсия жүргізілді. Ал, 150 жұмыссыз азамат жұмыс беруші мекемелерден тілдесуден өтсе, оның 44-і жұмысқа жолдама алды.

Сонымен қатар, келген азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін көмек, жастарға берілетін микрокредит, аз қамтылған отбасыға берілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер беріліп, ақпараттар ұсынылды.

Алдағы уақытта да, жұмыс беруші мен жұмыс іздеушілерге қолайлы алаң қалыптастырып, ірі кәсіпорындардың базасында еңбек жәрмеңкелерін тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда.

mal-sharuashylygy

Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болғаннан кейін әлеуметтік, кәсіпкерлік бағытындағы нысандардың көптеп салынуына байланысты ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі айтарлықтай қысқарғаны белгілі. Шаһардың аумағы 117 мың гектар болса, өткен жылы оның 30 мың гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егіліпті. Ал көктемгі маусымда 27 мың гектарға тұқым себіледі деп жоспарланып отыр.

Қаланың ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров егістік жерлердің қысқаруы қала халқының жылдан жылға өсіп, әлеуметтік және бизнес нысандары құрылысының көбеюмен байланысты дегенді алға тартты. Сала жетекшісі ауыл шаруашылығы саласында 2022 жылы атқарылған жұмыстарды баспасөз брифингінде қортындылады.

Алдымен қала аумағындағы егістік пен жайылым жерлерге егілген дәнді дақылдарға тоқталсақ. Егілген аумақтың 13 мың гектарына – дәнді дақыл, 3,6 гектарға – майлы дақыл, мал азықтық – 9,6, көкөніс пен бақша өнімі – 3,4 гектарға егілсе, 0,4 гектарға картоп егіліпті. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артық екен. Егіс алқаптарынан жалпы 94,3 мың тонна егін жиналған. Оның 20,1 тоннасы дәнді дақыл, 3,2 тоннасы майлы дақыл, 48,2 мың тоннасы көкөніс пен бақша өнімдері, 4,4 мың тоннасы картоп дақылдары және 18,3 мың тоннасы мал азықтық дақылдары.

zhanbatyrov

– Өткен жылды мал шаруашылығы саласында да жақсы жетістіктермен қорытындылап отырмыз. Мал өсіру бойынша жақсы өсім байқалып, 8,9 мың тонна ет, 51,4 мың тонна сүт және 142,0 млн дана жұмыртқа өндірілді. Шымкент қаласының даму бағдарламасы негізінде 2022 жылы бірқатар индикаторлар бекітіліп, жыл бойы осы бағыттарда жұмыс жанданды. Нәтижесінде көрсеткіштер толық орындалды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге артып отыр. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 15,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Көзделген меже 11,6 млрд теңгеден асып, жоспар 3,7 млрд теңге артығымен орындалып отыр. Өнімдердің экспортында да ауыз толтырып айтарлықтай жетістік бар. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 148,3 млн долларды құраған. Көрсеткіш 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,5 млн долларға артып отыр, – деді басқарма басшысы.

Шаһарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемін арттырып, импортқа тәуелділікті төмендету үшін құны 15 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылып, 298 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 4 құс фермасы, 3 сүтті бағытта мал шаруа қожалығы, 1 балық шаруашылығы, 1 мал бордақылау бекеті, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорын мен мал азығын дайындайтын кәсіпорын және 2 жылыжай кешені салынған.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында индикаторлар бекітілген. Басқарма осы жоспарды жүзге асыру үшін бірқатар мақсатты алға қойып отыр. Атап айтқанда, 2023 жылы жалпы өнім көлемі 48,7 млрд теңгеге жеткізу, агроөнеркәсіп өнімінің экспортын 331,8 млн теңгеге, ал қайта өңделген экспорт көлемінің үлесін 80 пайызға және ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемін 15,4 млрд теңгеге жеткізу көзделген.

– Қала аумағында егістік пен жайылымды жерлердің қысқарғанына қарамай біз ауыл шаруашылығына қатысты жоспарларымызды жүзеге асыруды тоқтатпақ емеспіз. Сондықтан, өнім көлемін арттыру мақсатында мал шаруашылығына, оның ішінде сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қараның басын көбейтуді көздеп отырмыз. Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіруді жоспарлап отырмыз, – дейді Ә.Жанбатыров.

Басқарма басшының сөзіне сенсек, осы жылы да өндірілетін сүттің көлемі аз емес. Өйткені, қазақ халқы сүтті айрықша қадір тұтып, берекенің бастауына балайды. Сүт болса қаймақ, май, айран да, ірімшік те, сүзбе де, құрт та, бәрі болады. Бүгінде елімізде сүт және сүт өнімдерін тұтыну сұранысы өндіруден де асып отыр. Жылдан-жылға халық саны өсіп отырған Шымкент қаласында сүтті сиырларды өсіру бүгінгі нарықтың талабына сай келеді.

Қала маңында мал шаруашылығы, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырларды өсіру қаншалықты дұрыс, әрі осы бағыттың әлеуеті жайлы М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, аға оқытушы Нұрлыбай Егемқұловтың пікірін білдік. Ғалымның айтуынша, Шымкент қаласында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. Ол үшін жергілікті билік шаруаларға қол ұшын созуы қажет.

egemkulov

– Қазақ халқы ежелден төрт түлікті көбейтіп, оның еті мен сүтін қорек етіп, жүнінен киім тоқып, тіршіліктің көзіне айналдырған. Қазірдің өзінде де қала шетінде орналасқан елді мекендерде мал асырап, жеке кәсібін дамытып жатқан азаматтар жеткілікті. Ендігісі, мемлекет тарапынан тұрақты көмек берілсе, жергілікті шаруа қожалықтарының қала халқын ағарғанмен қамтамасыз етуге қауқары әбден жетеді, - дейді Н.Егемқұлов.

Қала аумағында сүт-айран, одан өндірілген өнімдерге сұраныс жоғары. «Сиырдың сүті – тілінде» деп текке айтылмаса керек. Малды азықтандыруды да жолға қоймаса, сапалы көп өнім алу мүмкін емес. Бүгінде шаруалардың жем-шөптен таршылық көріп жатқан жайы бар. Өйткені сүт өндіру үшін малды жоңышқа секілді нәрлі, шырынды азықтармен азықтандыруды қажет етеді. Малдың бір күндік рационының 40-50 пайыз көлемі осы азықтардан болу керек. Қазір қалада ондай мүмкіншілік аз. Бұл мәселені шешуге болады. Ол үшін арнайы мал азығын дайындайтын цехтар салу керек, ол жерде әр малдың түріне және өнімінің бағытына қарай, арнайы құрама жем-шөп дайындауға болады. Бұл ғалымның пікірі.

Ғалымның сөзінше, сүт және одан өңделетін сүт өнімдері, күрделі биологиялық құрамды, жоғары құндылыққа ие және адам ағзасында 95 -98 пайыздай жақсы сіңетін өнім. Сүт және сүт өнімдері азық-түлік саласындағы өнеркәсіпте өңделген және өңделмеген тағам ретінде, сондай-ақ шикізат ретінде қолданылады.

– Қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара малдың, небәры 1 мың басы асыл тұқымды екен. Жергілікті сауын сиырлар тәулігіне 7-10 литрден сүт берсе, асыл тұқымды сиырлардан 30-40 литр сүт алуға болады. Ол үшін жергілікті аналық басты «Қара ала», «Әулиеата», «Голштино-фриз», «Симентал» секілді асыл тұқымды сиырлардың тұқымдарымен ұрықтандыруды ұйымдастырсақ, осы тұқымдардың 3-4-ші ұрпақтарынан жоғарыда айтылған көлемде өнім алуға болады. Бұл мәселе жөнінде фермерлер қалада жұмыс жасап жатқан «Селекциялық орталықтың» қызметіне жүгінсе құба-құп болары еді. Ал, асыл тұқымды сүтті сиыр қарапайым сиырдан қарағанда жем-шөппен көбірек азықтанады. Сондықтан, мал азығын өндіретін кәсіпорындарды көбейту қажет, – дейді ғалым.

Еліміздің күнгей аймағының шөбі шүйгін, сиыры сүтті келеді. «ШҚ Эгамназаров» басшысы Каримжан Ибрагимұлы Голландиядан сиыр әкелуге барғанда, сол жақтың мамандары кәсіпкерге осылай депті.

– Асыл тұқымды сүтті сиырды атып алу үшін 2019 жылы Германияға бардық. Ол жақтың мамандары Қазақстанның оңтүстігі жылы болғандықтан шөбі құнарлы дейді. Біз көздеген голштино-фриз сиырлары ол жақта тәулігіне 35-40 литр сүт берсе, біздің жылы аймақта бабын жасаса 50 литрге дейін сүт береді, деді шет елдік мамандар. Айтқандай малдарды өңірге әкеле салысымен оңай жерсініп, түрлі ауруларға төзімді келді, – дейді кәсіпкер.

egamnazarovКәсіпкер 2019 жылы сүтті сиырларға қызығушылық танытып, алғашында Голландиядан 35 бас асыл тұқымды голштино-фриз әкелген. Осы шаруашылықты дөңгелетуге ниеттенген кәсіпкерге қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан қолдау да көрсетілген. Әсіресе шаруашылықтың құжаттарын рәсімдеу секілді мәселелер оңай шешілгенін айтады.

– Алдымен шетелден 35 бас сиыр әкелдік. Олардың 87 пайызы ұрғашы бұзау төлдеді. Әр малдың басына мемлекеттен субсидия берілетінін жауапты басқарманың мамандарынан білдік. Шыны керек, оған дейін мемлекеттен мұндай қолдаудың барынан бейхабар едік. Әр мал басына 400 мың теңге қаржы алдық. Одан бөлек жылына бір рет жем-шөп үшін әр ірі қара басына 70 мың теңге, сүттің әр литріне 20 теңгеден берілді. Ұрықтандыруға да субсидия бар. Алматы қаласының селекциялық мекемесімен келісім жасастық, - дейді шаруа.

Қазір Голландиядан келетін голштино-фриз тұқымды сиырды елге жеткізу құны 1 млн 300 мың теңгенің төңірегінде екен. Мемлекеттен көрсетілген қолдау шаруашылықты енді бастаған кәсіпкерге демеу, алдағы жоспарына жігер береді.

– Мемлекеттен осындай субсидия берілгеннен кейін, тағы 70 бас ірі қараны, 2021 жылы тағы 35 бас асыл тұқымды сиыр әкелдік. Қазір алғаш 2019 жылы әкелген сиырлардың басы көбейіп жатыр. Жуырда көрші Ресейден «Қызылдалалық» асыл тұқымды сүтті сиырларды сатып алдық. Бұл сиырдың ерекшелігі ауруға төзімді, ветеринарлардың көмегінсіз табиғи жолмен өзі төлдей алады. Ал, голштино-фриз сиырларын төлдету мамандардың көмегімен жүзеге асырылады, – деді Каримжан Ибрагимұлы.

«ШҚ Эгамназаров» қожалығында қазір 300-ден аса асыл тұқымды ірі қара бар. Асыл тұқымды сиырлардан сауылып жатқан сүттің майлылығы 4,5-4,8 пайызға жетеді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл қаладағы ең майлы, әрі сапалы сүт екен. Фермадан тәулігіне 1,7- 2 тонна аралығында сүт автомат-робот сауыншының көмегімен сауылады. Жаңадан сауылған сүтті «Алтын дән» сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорынға литрін 270 теңгеден өткізеді екен. 2021 жылғы қуаңшылықта фермада мал азығы тапшылығы орын алып, уақытша сиырлар гидропоника арқылы азықтандырылған. Салдарынан сүттің майлылығы төмендепті.

– Біз әртүрлі ауыр кезеңдерді бастан өткердік. Қазір сиырларға шырынды азық болар силоспен қамту қиындығы бар. Әкімдік тарапынан бізге уақытша егістік жерді жалға берілсе, ол орынға өзіміз мал азығын егетін едік,-дейді кәсіпкер.

Өндірілетін сүттің сапасы тікелей сиырдың қорегіне байланысты. Сондықтан малдың азығына да үлкен жауапкершілікпен қарау тиіс. Сиырдан майлы сүт алу үшін азықтың бірнеше түрін атап айтқанда, шүйгін шөп, қатқыл пішен мен соя, арпа, бидайдың құнарландырылған жемін беру керек. Бұл жем-шөп арқылы ірі фермаларда бір айда 7 -10 тоннаға дейін сүт өндіруге болатынын ғалымдар алға артып отыр. Сондықтан тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында алдымен асыл тұқымды сиыр мен оны жем-шөппен қамту үшін қала аумағындағы жерлерге малға азық болар дақылды көптеп егілгені дұрыс болар еді.

auyl-sharuashylygy

Аймақта мал шаруашылығын дамытуда асыл тұқымды ірі қараның басын көбейту керек. Мәселен, Оңтүстік Корея мемлекеті жайылымды жері аз болғандықтан жем-шөпті өзге мемлекеттерден сатып алады. Осыған қарамастан қою сүтті, еті мрамор қара малдардың арқасында фермерлер табысқа кенеліп отыр. Бізде жем-шөп қоры жеткілікті. Өркениетті елдердің тәжірибесін өз мал шаруашылығымызға сіңірсек, сырттан сүт өнімдерінің тасымалдауға шектеу қоюға әбден болады. Ол үшін нәтижелі еңбек, ыждаһаттылық керек.

ЕСКІНІ ЖАМАҒАННЫҢ ЕСІ КЕТЕДІ

Пятница, 17 Февраль 2023 04:56

Шымкентте 2023 жылы тозығы жеткен6 тұрғын үй жаңарады

Үшінші мегаполисте тозығы жеткен 107 көпқабатты тұрғын үй түбегейлі жаңарады. Реновациялық бағдарлама инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес тұрғындардың келісімімен жүзеге асырылады. Шаһарда жуырда реновациялауға жататын объектілер бойынша тұрғын үй иелеріне өтеудің тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қаржыландыру мәселелері бойынша аудан әкімдіктерінің, тұрғын үй басқармасының, «Shymkent ӘКК» АҚ және инвесторлардың қатысуымен алғашқы қоғамдық тыңдау өтті. Жалпы елімізде 2029 жылға дейін 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына жаңадан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу арқылы, үй иелерін жаңадан баспаналы ету жоспарланған.

21

АВТОБУСТАРҒА ЖАҢА ЖҮЙЕ ЕНГІЗІЛДІ

Пятница, 10 Февраль 2023 04:25

Шымкент қаласында аялдамалардың қазақша дұрыс аталуына талап күшейіп келеді. Сонымен қоса, қоғамдық көлікте аялдама атауын электронды-дыбыстық хабарлау жүйесін енгізу басталды.

101

Ерлік – ұрпақ ұраны

Пятница, 10 Февраль 2023 04:18

Биыл Тәжік-Ауған шекарасынан қазақстандық жеке құрамдағы атқыштар батальонының шығарылғанына 22 жыл толды. Осыған орай Шымкенттің Абай саябағында Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстарға қатысқан ардагерлер бас қосып, айтулы күнді атап өтті.

1011

Отбасының берекесін ұйытып, бала тәрбиелеп, ер-азаматын күтетін әйелдер ел экономикасын дамыту бағытындағы жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе, кәсіпкерлік саласын өсіп-өркендетуде қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Бұған мысал, Шымкент қаласында жұмыс істеп тұрған 95,5 мың бизнес құрылымның 52 пайызын әйелдер басқарады екен.

1003

СОТ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Пятница, 03 Февраль 2023 04:41

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылды қорытындылап, баспасөз мәжілісін өткізді. Өткен жылы ауданаралық сотында 72 тұлғаға қатысты 58 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған. Соттың төрағасы Әбдсаттар Шахидиновтың сөзінше, сот өндірісіне келіп түскен істің 77,7 пайызы шешім қабылдаумен аяқталған.

810

Страница 11 из 24