Версия для печати

Нашақорлық өмірді тұйықтайды

Пятница, 02 Декабрь 2022 09:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 612 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын, соған байланысты синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екенін атап көрсетіп, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

 

Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері оқу жылы барысында қаламыздағы барлық жоғарғы оқу орындарының студенттерімен арнайы кездесулер өткізіп, жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Тәртіп сақшылары осы мақсатта білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Кезекті іс-шара М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химиялық инженерия және биотехнология» факультетінде жалғасын тапты.
Жиынға Жедел-криминалистика басқармасының бас криминалисті, полиция подполковнигі Дархан Зияев және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан
Карбеков қатысты. Тәртіп сақшылары студенттер мен кафедра меңгерушілеріне жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қаупі, жаңа психобелсенді заттардың таралуы, синтетикалық есірткілердің зияндығы жөнінде толық мәліметтер берді, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Сонымен қатар, студенттерді жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытта пайдалы істермен айналысуға шақырды. Сөз соңында студенттер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды, өзара еркін пікір алмасты.

Шымкент қаласы
Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.