Көрме орталығында өтіп жатқан жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев қатысып, сәттілік тіледі.
Жарыста еліміздің 17 аймағынан келген 300-ден астам спортшы бақ сынауда. Оның ішінде тоғызқұмалақ, дойбы және шахматтан, каратэ, арбада билеу сайыстары бойынша бәсекеге түседі. Жарыстың финалдық кезеңдері және жабылу салтанаты 25-қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі дода 21-25 қыркүйек аралығында «Көрме» орталығы және Шымкент қалалық кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде өтеді. Спорттық бәсекеге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетуде.
Бақдәулет АНАРБАЙ