«Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айт»
Среда, 03 Ноябрь 2021 04:21Үшінші мегаполисте жастар жалпы халықтың 21,7% пайызын немесе 239 986 адамды құрайды. Қалада 8 жоғары және 38 арнаулы оқу орыны бар. Бұл білім ордаларында 125 390 студент білім алуда. Биыл қала әкімінің бастамасымен төрт ауданда жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Бұл туралы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көрме орталығында өткен қала әкімдігінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесте айтылды.
Ел мақтаныштарының есімдері ұлықталды
Среда, 27 Октябрь 2021 03:59Шымшаһарда қалалық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы Құрметті азаматтар» көрмесі өтті. Бұл жолы қаланың құрметті азаматтары аллеясына түрлі спорттық додаларда еліміздің даңқын шығарған азаматтар жиналды.
БАТЫР БАБАЛАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Среда, 27 Октябрь 2021 03:57Сайрам тұрғын алабында батыр бабалардың рухына тағзым жасалды.
1681-1684 жылдары өткен Сайрам соғысына қатысып, қол бастаған Баймұрат пен Қозышақ батырларға салынған ескерткіштің ашылу салтанатты өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, қалалық ардагерлер кеңесі бастаған бір қауым ел қатысты. Атап айтсақ, олардың ішінде К.Төлебаев, Ә.Досболов, Т.Рахманбердиев, Т.Жүнісов сынды айтулы азаматтар бар.
SMART CITY: ЖАЙЛЫ ОРТА, АҚЫЛДЫ БАСҚАРУ
Среда, 27 Октябрь 2021 03:53Шымкент тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мегаполисте көптеген кешенді жобалар қолға алынғаны белгілі. Бұл республикалық маңызы бар шырайлы шаһардың smart city-ге көшудегі алғашқы қадамдардың бірі. Дамудың жаңа сатысына қадам басқан шаһар бүгінде ақылды, жасыл әрі қауіпсіз қалаға айналып келеді. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртер болсақ, әдетте, ақылды қалалардың экономикасы жоғары, басқару жүйесі жүйеленген, инфрақұрылымы жетілген, барлық талаптарға сай болады. Тұрғындары да цифрлық тұрғыдан сауатты әрі жаңашылдыққа бейім келеді. Шымкент қаншалықты бұл критерийлерге сай? Сараптамалық мақалада осы сауалға жауап іздеп көрдік.
Жастар екпе алудың маңызы жайлы ой түйді
Пятница, 22 Октябрь 2021 04:22Шымкенттегі жастарға вакциналаудың маңызы насихатталды. Мегаполисте іс-сапарда жүрген «Елім үшін егілемін» атты азаматтық штабтың өкілдері Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығында белсенді жастармен кездесті.
Мегаполисті цифрландыру – даму мен жаңашылдыққа ұмтылу
Пятница, 22 Октябрь 2021 04:14Цифрлық технологиялар жаһандық дамудың ажырамас бөлшегіне айналғаны әмбеге аян. Бұл процесс елімізді де айналып өткен жоқ. Бүгінде инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ал Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауында цифрландыру үрдісіне қолдаудың жалғасатынын айтқан болатын. Осы ретте қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдірахановтан салада қандай өзгерістер барын сұраған едік.
Білікті – бірді, білімді мыңды жығады
Среда, 20 Октябрь 2021 04:25Ел Тәуелсіздігінің 30 жылына орай Шымкенттегі жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде қала әкімінің қолдауымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңі салтанатты түрде ашылды. Екінші кезеңнің ерекшелігі – сайысқа енді мектеп оқушылары ғана емес, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері де қатысады. Олар спорттың футбол, волейбол, баскетбол және шахмат сынды 4 түрінен сынға түседі.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Пернешқызы: «Бәсекеге қабілетті ел болу үшін әмбебап мамандар дайындау аса маңызды»
Среда, 20 Октябрь 2021 04:19Соңғы жылдары еліміздегі білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырап, жаңа мақсаттарға жету үшін соны соқпақтарға түсті. Әсіресе, жер бетін жайлаған пандемия салдарынан күтпеген өзгерістер орын алып, білім саласы біраз сынақтан өтті. Осы орайда еліміздегі іргелі жоғарғы оқу орнының бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызын сөзге тартқан едік.