Сондықтан, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту барынша қолға алынуда. Бұл тұрғыда, қоршаған ортаға және табиғатқа ешқандай залалын келтірмей, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету арқылы іске асырылады. Осының өзі, табиғатқа және адамзатқа әкелер пайдасы мол. Олай дегеніміз, экологияны сақтай отырып салынған туризм нысандары, яғни олардың фундаменті тумбалық негізден құйылып және құрылыс материалдары жеңіл конструкциялық болып келеді. Сондықтан оған келуші туристердің қызығушылықтары артып, табиғатта экотуризмнің дамуы осылайшы артып отырады.
Жандос ЕРЕЖЕП,
Сайрам-Өгем МҰТП Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас маманы