Тиімді екіжақты келісім

Четверг, 28 Ноябрь 2019 09:54 Автор
М.Әузов атындағы ОҚМУ ректоры Д.Қожамжарова қаладағы ірі кәсіпорын басшыларымен дөңгелек үстелде бас қосты. Еркін форматта өткен кездесуде екіжақты тиімді келісім жасалды. Тараптар ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. Мақсат – бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру. Университеттің 75 жылдығына орай жүзеге асқан шараның мақсаты – студенттерді дуалды…

Менторлық – табыс кілті

Пятница, 08 Ноябрь 2019 07:12 Автор
Миллионды қалада «Дарынды жастар – ел болашағы» атты форум өз жұмысын бастады. Бизнес тренерлер мен қоғам қайраткерлері жастардың басын құрап, оларға өмірде өз жолын табуға бағдар беріп, тұлғалық қабілетін дамыту және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін тәжірибелерімен бөлісуде.

Жыр жаттап, миллион ұтты

Пятница, 08 Ноябрь 2019 06:26 Автор
Шымкентте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы аяқталды. Байқауға Шымкент қаласы бойынша 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім қатысты. Қалалық кезеңге төрт ауданнан 12 оқушы іріктеліп өткен болатын.
Шымкенттік ұстаз Арман Орынбеков Қазақстандағы ең үздік 10 педагог қатарына қосылды. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Ең үздік педагог-2019» конкурсына қатысқан №90 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Арман Шымбайұлы 400 мұғалімнің арасынан дараланып, жеңімпаз атанды.

Тіл шеберлері анықталды

Пятница, 08 Ноябрь 2019 06:08 Автор
Үш тілді жетік меңгерген жастар үшінші мегаполисте бас қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тіл шеберлері «Тілдарын» республикалық олимпиадасында өзара мықтыны анықтады. Сайыста 14 жас өреннің тәжірибелері ортаға салынып, білімдері сыналды.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесіп, «Қазақстан этностары: еліміздің тарихи-мәдени дамуына қосқан үлестері» тақырыбында өңірлік сұхбат алаңын ұйымдастырды. Жиында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеу орталығының жетекшісі Ханкелді Әбжанов бастап келген 22 сарапшы қатысып, ғылыми…

Тойхана емес, мектеп салса...

Среда, 30 Октябрь 2019 04:55 Автор
Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж. Тәжиева қаладағы кәсіпкерлер мен инвесторларды жекеменшік мектеп салуға шақырды. Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Жанат Арысбекқызы бизнесмендер нысаналы мақсатын өзгерту арқылы кәсібін жаңғыртуға болатынын мәлімдеді.

Пайда ойлама, ар ойла

Среда, 30 Октябрь 2019 04:50 Автор
Шымкентте бүгінде 149 адалдық дүкені бар. Бұл – осыншама сатушысы жоқ дүңгіршек өздігінен жұмыс істейді деген сөз. Иесі жоқ сауда нүктесінің тұтынушысы – оқушылар. Мамандардың айтуынша, аталмыш дүкен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді екен. Ал шындығында қажетін алып, тиісті тиынын қалдыру жас…

Талаптың мініп тұлпарын...

Среда, 30 Октябрь 2019 04:31 Автор
Шымкентте «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының аудандық іріктеуі басталды. «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясындағы конкурс қалалық білім басқармасының Оқушылар сарайында өтуде.
Шымкенттік 6-10 сынып оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған» атты жыр оқушылардың байқауы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды.