Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан қала басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.
– Ұрпақ тәрбиелеу мен білім беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да мәртебелі мамандық иелерінің қызметін өлшеусіз дер едім. Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет, - деді қала әкімі.
Бұл күні салтанатты жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен - №52 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі, ардагер Самсабек Болатбеков марапатталды.
Ал, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін №38 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі А.Абдалиева, №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Г.Айнабек, №1 лицей-интернатының география пәні мұғалімі Г.Арыстанова, №2 мектеп-интернаты директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.Қарымбаева, №54 мектебінің директоры У.Мамешова, «Жол-көлік» колледжінің арнайы пән оқытушысы Ф.Тургумбаева кеудесіне тақты.
Сондай-ақ №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі К.Есенбекова, № 46 мектеп-лицейі директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.Жуманова, №7 IT-мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі З.Сарсенова, №8 мамандандырылған гимназиясының директоры А.Сахова, №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі Л.Шильмирзаева мен Политехникалық колледжінің оқытушысы М.Арынбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.