Қаламыздағы киелі шаңырақ – Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына 10 жыл толу мерейтойы аталып өтті. Атаулы күннің құрметіне Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Кітапхана – өркениет мұрасы» атты ғылыми республикалық конференция ұйымдастырылды.

«Петро Казахстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ПКОП» ЖШС) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес 2025 – 2034 жылдар кезеңіне арналған Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) қоғамдық талқылау түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

ӨМІР СЫЙЛАҒАН ЖҮРЕК СОҒЫСЫ

Пятница, 11 Октябрь 2024 07:29

Шымкенттік дәрігерлер жүрек трансплантациясын сәтті жасаған 58 жастағы азаматтың халі жақсы. Ақ желеңділердің айтуынша, пациенттің бүгінде жүрек соғысы қалыпты және бұрынғы ауру белгілері мүлдем жойылған.

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БІЛІМ ҰЯСЫ

Пятница, 11 Октябрь 2024 07:28

Мектеп – болашақтың негізін қалыптастыратын, елге қызмет етер азаматтарды тәрбиелеп шығаратын құтты мекен, алтын ұя. Шымкент қаласындағы №18 жалпы орта мектебі Шымкент қаласында 1966 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастаған. Мектепке құрылған күннен бастап қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Уәлихановтың есімі берілген.

Емдік шөптер ерте заманнан жанға шипа. Олардың түрлі ауруға ем екенін халқымыз ежелден білген. Дегенмен, ел аузында жүрген кейбір емдік шөптер әлі де зерттеуді талап еді. Мәселен, «Алғы» шөбі. Оны ғалымдар зерделеп, медицинаға енгізбеген. Ашаршылық жылдары қазақ елін аман алып қалған «Алғы» шөбі туралы ел аузында жүрген әңгімелерді аға буын жақсы біледі. Шымкенттік Әсетулла Дәусейітов солардың бірі. Зейнет жасындағы ол, Оңтүстік өңірінің энциклопедиясын жетік меңгерген. Қолы босай қалса, ежелгі географияларды, әдеби, тарихи шығармаларды таңнан кешке дейін отырып «кеміретін» көрінеді. Сондағы мақсаты емдік шөптерді іздеу, жердің құнарын, табиғатын зерттеу екен. Әсетулла Дәусейітовпен байланысқа шығып, сұхбаттастық. Зерделеген жұмысы мақтауға тұрарлық.

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылауға қатысты жиын өтті. Басқосуға Палата директорының орынбасары Майя Исаева мен бөлім бастығы Әзілхан Жаримбетов, Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев, ҚР Бас прокуратурасы ҚСжАЕАЖК Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім бастығы Айқын Сейдаханов, бөлім аға прокуроры Марат Бейбіт, қаладағы әлеуметтік-экономикалық, өндiрiстік, маңызды мемлекеттiк, экономикалық маңызды нысандардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

«Ғалымдар 50 жылдан кейін адамзат көміртегі отынының жетіспеушілігі проблемасына тап болады деп болжайды. Ал, 100 жылдан кейін бұл отын мүлде болмауы мүмкін. Демек, біз жаңартылатын энергияға көшуіміз керек». Осылай деген № 8 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы – Смайыл Мөлдір жаңартылатын энергия көзін құру тәсілі ретінде гидроэнергетикалық жүйелерге негізделген қосымша энергия өндіруді болжау және басқару ғылыми жобасын жасап шығарды.

Білім басқармасы мен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Алан Халықаралық мектебінде «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында ашық, интерактивті сабақ өтілді.

Страница 1 из 912