Жыл басынан бері Шымкент зоосаябағы бірқатар аң-құстармен толықты. Күні кеше хайуанаттар бағына алғаш рет альпака жеткізілді. Оңтүстік өңірге алғаш рет жеткізілген жануар тұрғындарды қызықтырып, бүгінде зообаққа келушілердің қатары көбейген.

alpaka

Еңбектің наны тәтті

Пятница, 26 Январь 2024 05:16

Бүгінде өзінің адал еңбегімен несібесін айырып отырған адамдар көп. Соның бірі – Халида Қарабасова. Шаштараз саласында 16 жасынан бастап бейімделген ол, бүгінде көп жанның ризашылығына бөленіп үлгерді.

sash

Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Болат Байтанаевтың туғанына биыл – 80 жыл. Ғалымның 80 жылдығына орай Абай атындағы орталық кітапханада «Ілім мен ізгіліктің шырағын жаққан жан» атты еске алу кеші өтті. Жиында әдебиет сыншысы, ф.ғ.д., профессор Құлбек Ергөбек, ф.ғ.д., профессор Болатбек Тілеубердиев, ғалымның жары Р.Таукебаева, жоғары оқу орнының оқытушылары бас қосып, жастарға жазушының өмір жолы мен шығармашылығынан естеліктер айтты. ⁣⁣

baitanaev

Бояу тілін таба білген суреткер

Пятница, 12 Январь 2024 04:49

Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген қазақтың әйгілі кескіндемеші, график-суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына – 120 жыл. Осыған орай, А.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасы «Бояу тілін таба білген суреткер» тақырыбында кеш ұйымдастырды. Жиынға Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері мен М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп оқушылары қатысты.

kitap

Ата кәсібіне адал жан

Среда, 10 Январь 2024 04:00

Бүгінгі қоғамда оңай жерден олжа алып немесе ауадан ақша жасағысы келетіндер көбейіп тұр. Десек те, қазақ «Еңбектің наны тәтті» екенін ықылым заманнан дәлелдеп кеткен. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – дәл осы тынымсыз еңбек пен ізденістің нәтижесінде елге танылған абыройлы азамат Шайхыбастан Қалмырзаев. Атакәсіптен қол үзбей, ата-бабасы салған сара жолды жалғап, ат баптаудың қыр-сырын меңгерген атсейіс Шайхыбастан ағамен арнайы әңгімелестік.

at

Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы жаңа жануарлармен толықты. Өткен жылдың 28 қазанында үш абдан өмірге келді. Арыстандар Симба мен Танудың төлдері күн сайын салмақ қосып келеді. Тану өз төлдеріне ерекше мейірім көрсетіп, өсіруде. Бүгінгі таңда абдандар жазғы вольерге өз беттерімен шыға алады.

Baris

Кезекті маусым қорытындыланды

Среда, 06 Декабрь 2023 04:39

Көрме орталығында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымының жабылу салтанаты өтті. Мерекелік кеште қаламызды тазалауға атсалысып, абаттандыруымен айналысқан жастар марапатталды.

jasil-1

Үшінші мегаполисте он мекеме жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Онда бас ми қан-тамырларының күрделі бұзылыстарында, инсульт, аневризма кезінде, экстра және интракраниалды операциялар жасалады. Жүрек ауруларына қатысты эндоваскулярлық және ашық жүрекке операциялар да жасалып жүр. Бұл көмекке былтыр 1290 адам жүгінді. Сонымен қатар, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, экстракорпоральды ұрықтандыру қызметі де бар. 2022 жылы экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 344 әйел босанып, 336 нәресте дүниеге келген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандару қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.

osms1

Страница 1 из 10