Топ ішінен танылған шын жүйріктер
Пятница, 24 Февраль 2023 08:54Үшінші мегаполисте көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өтті. Талантты жастардың басын қосқан өнер алаңында 12 үміткер бақ сынады. Мыңдаған дарынды жанның шабытын шыңдап, әдебиетке деген құмарлығын арттырып жүрген бұл байқауға биыл 25 жыл толды.
1998 жылдан бастау алған байқау күні бүгінге дейін түрлі деңгейде өткізіліп келеді. Алғашқыда дарынды қаламгер Оралхан Бөкейдің атына ұйымдастырылған болатын. Сол кезден бастап біздің Оңтүстік өңірінен қатысқан көркем сөз шеберлері топ жарып келеді. Әдебиеттегі жазба жауһарлардан жан азығын тапқан талапкерлер ішінде қазіргі кезде мәдениет саласының майталмандары баршылық.
– Көрерменнің көз алдына кестелеп көрсететін көркем сөз оқудың шеберлері бүгін өз өнерлерін ортаға салды. Сайысқа 16-29 жас арасындағы білім саласында жүрген мамандар қатысып отыр. Іріктеу кезеңінде 25 үміткер өтініш беріп, соның ішінен 12-сі өтті. Жалпы байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан талантты жастарды іздеп, олардың көркемсөз оқу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, – деді Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Жанысбекова.
Байқауға қатысқан үміткерлердің таланты көпшілікті сүйсінтті. Үні жағымды, тілі жатық, ойы орамды көркемсөз оқудың хас шеберлерін таңдау оңай болмады. Қазылар алқасы ортасынан оза шапқан талантты жастарды анықтады.
Бас жүлдені Назира Аппаз жеңіп алды.
І орынға Шолпан Баубекова лайық деп танылды.
ПОЭЗИЯНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ
Пятница, 10 Февраль 2023 04:219 ақпан – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Мұзбалақ ақын қамшының сабындай қысқа ғұмырында, сан ғасырға азық боларлық туындылар қалдырып үлгерді. Оның өлеңдері жастарға шабыт беріп, биік белестерге жетеледі.
Сыныптастарына көйлек тіккен қыз
Среда, 08 Февраль 2023 05:09Үлкен жеңіс кішкентай қадамнан басталады. Сол сияқты қарапайым үй тұрмысында қолданылатын ине мен жіп адамның жұмысына деген махаббатын оятып, үлкен тігін шеберханасын ашуға жетеледі. Эльмира Әзиева заманауи ұлттық нақышта киім тігудің жаңа бағытын ашып, білім беру орталығын кеңейтуді жоспарлаған. Өз кәсібін бастау үшін жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік грант конкурсына өтінім берген болатын. Байқау ашық конкурс есебінде өтіп, мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантты жеңіп алды.
«АБЫРОЙ» АБЫРОЙ БИІГІНДЕ
Пятница, 18 Ноябрь 2022 05:09Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында өткен «Жайдарман» ойыны мәресіне жетті.
ӨНЕР МЕН БІЛІМ – ЖАСТЫҚТЫҢ ҚАРУ ЖАРАҒЫ
Пятница, 18 Ноябрь 2022 04:49Студент атанған әрбір түлек өмірдің жаңа белесіне қадам басады. Біз 17 қараша – Халықаралық студенттер күні қарсаңында бірі – шетелде білім алып, екіншісі – елімізде игі іспен айналысып жүрген жастар жайында баяндамақпыз. Олардың әрқайсысы алдына үлкен мақсат қойып, оған жету жолында өздерін шыңдап жүрген жігерлі жастар.
ПСИХОЛОГТАР КӨМЕК БЕРЕДІ
Пятница, 18 Ноябрь 2022 04:48Шымкентте зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша білім беру мекемелерінде жасөспірімдер мен жастар арасында кездесулер өтіп жатыр. Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кезекті басқосу Болашақ колледжінде жалғасты. Кездесуге психолог Жанат Атаева, колледж психологы – Қарашаш Абенова, Жастар ресурстық орталығының психологтары – Жібек Сайдахан, Айда Қалдыбай қатысты. Кәсіби психологтар студенттермен ашық форматта әңгіме жүргізді.
«ӨМІРІМ – БАҚЫТЫМНЫҢ АЙНАСЫ»
Пятница, 04 Ноябрь 2022 04:42Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өмірім – бақытымның айнасы» атты психологиялық кездесу өтті.
Басқосудың мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын, өмірге деген қызығушылығын ояту және суицидтік жағдайлардың алдын алу. Жүздесуге «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, психолог, журналист, радиожүргізуші, гештальт-консультант Марал Жұмагелді, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психологтары мен студенттері қатысты.
Кездесуде кәсіби мамандар аталған тақырыптар аясында кеңестерін берді. Сонымен қатар әлеуметтік желі алаяқтарынан сақтану бойынша қажетті мәліметтер айтылып, қатысушылармен еркін форматта пікір алмасты.
Бүгінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және білімін тереңдетуде психологиялық шаралар қажет. Кездесуде жеке тұлғаның психологиялық кедергісін жоюға бағытталғаны көптеген қажетті кеңестермен бөлісті.
ПСИХОЛОГТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТТАСТЫ
Пятница, 11 Ноябрь 2022 04:41Шымкент қаласындағы политехикалық колледжд студенттері арасында «Жас көшбасшылар» атты семинар-тренинг өтті. Психологиялық тренингті Жастар ресурстық орталығы психология бөлімінің басшысы Айгүл Шынтөреева, тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді жүргізді.