Шымкенттегі құқық қорғау қызметтері орталығы бір жылда 6 мыңға жуық адамды қабылдады.
Азаматтардың шағымдарын дереу әрі тиімді шешу мақсатында бұл орталық өткен жылдың желтоқсан айында прокуратура жанынан ашылған болатын. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 100-қадамын іске асыру үшін құрылған орталық құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде біріктіруге арналған.
Бір жыл ішінде орталықтың қызметін 6 мыңға жуық азамат пайдаланып, оның 3 мыңға жуығын прокурорлар жеке қабылданған. 800-ден аса азамат адвокаттардың қызметін пайдаланса, 858 тұрғын – медиаторлардың, 600 адам әкімшілік және мемлекеттік кіріс органдарының қызметіне жүгінген. Ал 62 тұлға пробация қызметкерлерінің және психологтардың қызметтерін пайдаланды.
Осылайша құқық қорғау қызметтері орталығы азаматтарды қабылдайтын фронт-кеңсе қызметін атқаруда. Оның негізгі жұмыс қағидасы – азаматтармен жұмыс жасауда сервистік тәсілді қолдана отырып, прокуратура алаңында кең заң қызметтерін ұсыну.
Айта кетейік, орталық Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, №3, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимаратында орналасқан.
А.СӘДУӘЛІ