«Мен өз Отанымның қорғаушысымын!». «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында №24 мектеп-лицейінде өткен жауынгерлік сайыс осылай аталды. «Мемлекеттік шекара» атауына ие бүгінгі шарада жастар саппен жүру, автоматты шектік мерзімде шашып-жинау, пневматикалық винтовкамен оқ ату, алғашқы көмек көмек көрсету, кермеге тартылу, арқан тарту және кір тасын көтеруден командалық сынға түсті.
– Аталған сайысқа қатысу үшін қаланың барлық мектептерінде іріктеу кезеңдері өткізілді. Нәтижесінде жоғары көрсеткішке ие болған 11 мектеп құрамасы ақтық кезеңде өнер көрсетуде, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.
Жарыс қорытындысы бойынша №113 жалпы орта мектебінің құрамасы бас жүлдені иеленіп, Кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Екінші жүлде №7 мектеп-лицейі мен №104 жалпы орта мектебіне бұйырды.
«Мемлекеттік шекара» атаулы күніне орай, кешкілік бағдарламада Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияда мерекелік шара ұйымдастырылмақ.