ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, БАЙРАҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ, ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ! Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 320 раз

«Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі мен салтанатты іс-шара өтті. Онда мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталып, жастар мерекелік шеру ұйымдастырды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Ramis

 

Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Көпшілікке елдіктің нышаны болған Елтаңба, Ту, Әнұранның шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздердің қадір-қасиеті айтылды.
Рәміздер алаңынан басталған патриоттық жиын одан әрі жастар шеруіне ұласты. Шеруге 600-ге жуық жас, қаладағы 8 жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты. Олар Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би көшелері бағыты бойынша сап түзеп, рәміздерді насихаттады. Ту ұстаушы жастардың арасында қазақ күресінен әлем чемпионы Марат Байқамұров та болды.
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елдігімізді танытуда бұл күннің маңызы зор.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Астана қаласының оқушылары «Әнұраным – айбыным» атты челлендж бастаған болатын. Бастамаға 5-6 жас аралығындағы 50 шақты бүлдіршін атсалысып, Шымкент, Алматы қалаларына жолдады. Шымкенттік балалар ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған челленджді қуана қолдады.

Әсел ОРЫНБАЙ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің 2-курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.