«ОТБАСЫ – ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ» Избранное

Среда, 10 Апрель 2024 05:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 296 раз

«Отбасы – шағын мемлекет» деген қағида бар. Иә, тәрбиенің тамыры отбасынан басталады. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қанатты сөз жайдан-жай айтылмаған. Сондықтан дәстүрлі отбасы құндылықтарын орнықты қалыптастырып, ұлттық тәрбие негіздерін дұрыс сақтай білу қоғам үшін де маңызды.

Сатқанбаев

 

Дегенмен, ислам қағидаларын өрескел бұрмалап, әйелдерді кемсіту, тіпті қорлау фактілері әлі де кездесіп жататыны жасырын емес. Мұндай отбасылардағы тұрмыс-тіршілік салты зайырлы еліміздің бүгінгі өмір сипатына сай келмейтін сорақылық деуге болады. Сондай ескі таным-түсінік пен іс-әрекетке бой алдырған кейбір жандар қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, дәріптегісі келеді. Құрылтайда сөйлеген сөзінде
Қасым-Жомарт Тоқаев мұны ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік деп бағалады.
«Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы мен бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс» деді Президент.
Біздің халқымыздың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Бабалар жолын жалғастырып, мәдени кодымызды сақтай білгенде ғана ұлттық бірегейлігіміздің мәртебесін өсіреміз. Мемлекет басшысы осы орайда әр өңірдің ерекшелігіне сай аймақтық символикасы болуы керектігін айтқан болатын. Сол арқылы сол өңірдің өзіндік келбеті мен еліміздің бітім-болмысы байқалатынын атап көрсеткен еді. Кешегі өткен құрылтайда осы бағытта жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.
Құрылтай отырысында Президент Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын айтты. Өйткені Елтаңбамыз Кеңес заманындағы гербке ұқсайды деген сыни пікірлер айтылуда екен. Осыған байланысты арнаулы комиссия құрылып, мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізілмек.
Ұлттық бірегейлік ұғымы – мемлекеттің тұтастығын, қоғам қантамырының қалыпты жүйесін танытатын ұстам. Сондықтан оны сақтау әр қазақстандықтың қастерлі борышы деп ойлаймын.

Еркін САТҚАНБАЕВ,
қоғамдық кеңес мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.