Қателескеннің қатесін түземеген жаман Избранное

Среда, 21 Февраль 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 297 раз

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы мен қалалық Полиция департаменті бірлесе Рейд барысында түнгі уақытта бейсауат жүрген бірқатар жасөспірім анықталды.

pol

 

Тәртіп сақшылары алдымен Жастар ресурстық орталығының алдында сап түзеп, әрі қарай рейдтік іс-шараға кірісті. Бүгінгі таңда қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту және оған жол бермеу. Түнгі рейд қаланың бес ауданы аумағында ұйымдастырылып, ойынхана, мейрамхана, саябақтар мен өзге де жастар көп шоғырлануы мүмкін орындарда өтті.
Рейд барысында ойын-сауық орындарында жүрген 15 жасөспірім, түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде болған 74 жасөспірім анықталды. Олардың жауапты өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласы Қаратау АПБ кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара барысында 16 әкімшілік хаттама толтырды. Қаратау аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы Жомарт Ералыұлының айтуынша, іс-шара алдағы уақытта жалғасады. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қылмыстың алдын алуға өз септігін тигізуде.
Ескерте кетейік, балаға түнгі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде ата-анасының қарауынсыз жүруге тыйым салынады. Мұндай орындарда ересек туысымен немесе кәмелетке толған досымен жүруі де заңсыз саналады. Сондай-ақ заңды өкілі қасында болмаса, кәмелетке толмағандар көшеде түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін жүре алмайды. Егер осы уақытта бала үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыс төгуге шықса, үйдің дәл жанындағы дүкенге барса, полиция оны бөлімшеге әкетпейді. Тәртіп сақшылары ең алдымен баланың түнгі уақытта неге далада жүргенін сұрап, себебін білген соң, пәтеріне дейін ертіп апарады. Егер баланың әке-шешесін сол сәтте табу мүмкін болмаса, уақытша бөлімшеге жеткізеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.