Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Жауапты сынға қатысатын еліміздің спортшылары анықталып қойды. ҚР делегациясы жылдың басты бәсекесіне 700-ден астам спортшыны үкілеп қоспақ. Еліміздің көк туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшы Надежда Дубовицкая ұстап шығады. Дүбірлі…

Марафонға жарқын көңіл-күймен

Среда, 23 Август 2023 07:00 Автор
Үшінші мегаполисте 17 қыркүйекте жылдың ең ауқымды спорттық оқиғасы – алты қашықтық марафондық жарыс «Шымкент марафоны» басталады. Дәл қазіргі уақытта Shymkent-marathon.kz сайтында қатысушыларды тіркеу жалғасуда. Марафонға жауаптылардың айтуынша, спорттық шараға Қазақстанның 60 қаласынан және шетелден 6000 адам қатысады деп болжануда.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына санаулы уақыт қалды. Төрт жылда бір өтетін жауапты сын 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығына жоспарланған. Ел спортшылары қызу дайындық үстінде. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары да бақ сынайды. Жерлестеріміздің дайындығы қалай? Кімдерге үміт артамыз?
Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Базар жастар лигасы» турнирінің қыздар арасында волейбол сайысы басталды. Бәсекеге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бекітілген төрешілер алқасы, спорт түрлері бойынша 5 төреші тартылған.
Халықаралық жастар күніне орай, ұлдар арасында кіші футболдан «Базар жастар лигасы» сайысының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеде қаладағы базарлар және сауда орындарының 16 командасы бақ сынап, үздіктер анықталды. Алғашқы турнирде «Акбар базары» командасы жеңімпаз атанды.
Жеңілатлетикалық манежде кикбокстан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов, ҚР Кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев, қалалық Полиция департаменті бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Өткен жылы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 498 852 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 42 пайызын құрады. Биыл бұл көрсеткішті 43 пайызға жеткізу міндеті тұр. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев спорттық инфрақұрылымды және бұқаралық…
Шымкент қаласында спорттың жекелеген түрлерін, сонымен бірге кәсіби спортты дамыту шарлары жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, спорт мекемелері, спорттық тапсырыс жобасы аясындағы ұйымдар, спорт түрлерінен әуесқой клубтар және жергілікті федерациялар тарапынан спорт секциялары ашылып, жұмыс істеуде. Биыл Ұлттық және ат спорт түрлері кешенді спорт клубында «Дәстүрлі…
Шымкент қаласында спорт саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтар болсақ, шаһарда соңғы 3 жылда, яғни, 2020-2022 жылдары 219 спорт нысаны пайдалануға берілген. Ал, биылғы жылдың алғашқы 6 айында тағы да 18 спорт нысаны ашылып, жалпы саны 1 093-ке жетіп отыр.

Бастау барын бұлақ та біледі

Пятница, 30 Июнь 2023 04:55 Автор
Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақтың шоқпар жұдырық бес жампозы ақтық айқасқа шығып, төртеуі алтыннан салым салды. «Қазақстан», «Қазақстан» деп алып сарайдың түндігін желбіреткен қазақ жанкүйерлері негізінен Түркістан облысы, Шымкент шаһарынан еді. Қазақ – жаратылысында ешкімді алаламайтын, мықтыға құрметі бөлек халық. Осы чемпионатта қазақ жанкүйерлері Өзбекстан…