Грек-рим күресінен ардагерлер арасында Болгарияның Пловдив қаласында өткен әлем чемпионатында шымкенттік балуан жеңімпаз атанды. 62 келі салмақта Жолдыбай Тоқбаев мұқалмас жігер көрсетіп, спорттағы көздеген мақсатына жетті. Ж.Тоқбаев – ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық турнирлердің, оның ішінде Мардан Сапарбаевты еске алу турнирінде топ жарған. Иә,…
Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс өтті. Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды. Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды. Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды. Жеңімпаз командалар,…
Шымкентте Отбасы күніне орай «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» атты отбасылық спорт жарысы өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «FITNESS PARK KZ» жобасына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.
Шымкенттіктерді спортқа тартуда ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр Шымкент – салауатты өмірге бет түзеген шаһар. Жыл басынан бері қала спортшылары әлемдік сайыстарда олжа салып, шаһарда көптеген бұқаралық іс-шаралар және ҚР чемпионаттары, халықаралық турнирлер ұйымдастырылды. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев 2022 жылдың…
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness park kz» жобасы іске қосылды. Жас өрендердің уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына бейімдеу үшін спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік бар.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness park kz» жобасы іске қосылды. Жас өрендердің уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында спорттың барлық түрі ұйымдастырылды.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен жастары! Сүйікті қаламызда жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness Park KZ» жобасы басталғанын хабарлаймыз. Жоба аясында қала саябақтарында аптасына 2 рет спорттық жаттығулар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Металлург саябағында дүйсенбі сағат 07:00-08:00-де, бейсенбі сағат 19:00-20:00-де; Орталық саябақта сейсенбі сағат…
Шымкентте «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі өтті. «Дара» дарындыларды қолдау қоры, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырған іс-шараға қала жастары белсене қатысты. Белтемірге тартылу сайысында ең көп қатысушылар тіркеліп, сонымен қатар, рекордтық нәтиже жаңарды.
20 шілде – Халықаралық шахмат күні. Шымкентте атаулы күнге орай Visit Shymkent орталығы туристік индустрия өкілдерінің басын қосып шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаевамен бірсеанстық шахмат ойнау шарасы ұйымдастырылды.