Жерлестеріміз жарап тұр Избранное

Пятница, 01 Март 2024 10:42 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1774 раз

Филиппин мемлекетінде су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия біріншілігінде шымкенттік спортшылар үздік нәтиже көрсетіп жатыр. Сайысқа старт берілген екі күннің ішінде жерлестеріміз ел қоржынына 2 алтын, 2 күміс жүлде салып үлгерді.

jaris

 

Атап айтсақ, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу сайысында Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Команда құрамында Даниил Черепанов өнер көрсетті. Ал екінші күні ұлттық құрама эстафета 4х100 аралас әдісінде алтын медалға қол жеткізді. Команда сапында Даниил Черепанов пен Максим Сказобцов сынға түсті.
Сондай-ақ, жекелей сында Даниил Черепанов еркін әдісте (50 м) күмісті қанағат етсе, Максим Сказобцов баттерфляй (100 м) әдісінде алтын жүлдені жеңіп алды.
Айта кетейік, дүбірлі додада Даниил Черепанов пен Максим Сказобцов «В» тобында (15-17 жас) ел намысын қорғап жатыр. Бұл екі спортшы «Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы № 4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде» жаттығады.
Азия чемпионаты 9 наурыз күні өз мәресіне жетеді.

«ШК»-ақпарат

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.