Bal Tekstil кілем фабрикасы өнімдерінің нарыққа шығып жатқанына биыл – 11 жыл. Еліміздегі бірегей кілем өндіруші кәсіпорынның өнімдері экспортқа BAL CARPET брендімен танымал. Қазіргі таңда нарыққа премиум сападағы кілемдерді ұсынуда. Осы жылдар ішінде кәсіпорын 4 кезең бойынша дамыды. Бүгінде компания 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылдан-жылға өндірісті кеңейтіп, жаңа бағыттарды іске қосып келеді.

BalTek2

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Дендросаябақта Aulet Run жүгіру сайысы өтті. 5 шақырымдық бұқаралық жүгіру жарысына 18 жастан асқан азаматтар, жалпы 100-ге жуық қала тұрғыны қатысты.

bukara

ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Среда, 05 Июнь 2024 05:19

Шымкентте инклюзивті балалар марафоны биыл тамыз айында екінші рет өтпек. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған марафонның басталуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Daindik

Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық біріншілік ұйымдастырды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынады. Жалпы 70 бала қатысуға өтініш берген.

eskek

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында индустриалды аймақтардағы электр энергиясы бағасының қымбаттау мәселесі, табиғи монополияларды реттеу департаменті, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаларының есебі тыңдалды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Kogam

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында қаладағы волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен, ерікті жастармен кездесті. Еркін форматта өткен іс-шарада қаладағы волонтерлік қозғалысты дамытудағы бірқатар мәселелер талқыға түсіп, ерікті жастардың ұсыныстары мен бірқатар мәселелерін тыңдады.

Kuranbek-1

Шымкентте бір мезетте 12 мыңға жуық адам мінәжат ете алатын мешіт ашылды. Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабит
Сыздықбеков, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, теолог-ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, зәулім мешіттің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа да арнайы келген.

MesHT

Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия үш жылдың ішінде ақталмаған 200 молда-ишанның есімін анықтаған. Оның ішінде 73 адамды ақтау жөнінде Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған комиссияға ұсынып отыр. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева «Тағылым. Тағдыр. Тұлға» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деп мәлімдеді. Қалада мазмұнды, жастарға берер тәрбиелік мәні зор конференция соңғы он жылдың бедерінде алғаш рет ұйымдастырылды.

TariX-1

Страница 5 из 87