ЕСКЕК ЕСУ СПОРТЫ ЕКПІН АЛЫП КЕЛЕДІ Избранное

Среда, 05 Июнь 2024 05:17 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1074 раз

Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық біріншілік ұйымдастырды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынады. Жалпы 70 бала қатысуға өтініш берген.

eskek

 

Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жасөспірімдерді мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.
Саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен сайыс Дендросаябақта алғаш рет өткізілді. Басқарма басшысы байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл спорт түрі қалада қарқынды дамып келеді.
Биылғы Париж Олимпиадасына аталған спорт түрінен Шымкенттен 3 спортшы жолдама алды. Сергей Емельянов пен Руфина Искакова биыл Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.